Түркістанда қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда енгізілген сервистік тәсілдің тәжірибесі кең етек алды. Бүгінде статистикалық деректер толықтай жинақталды. Халық арасында сауалнама жүргізіліп, қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасалды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында облыс әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топпен атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Талдау барысында, Түркістан қаласында соңғы 3 жылда (2019-2021) ұрлық ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ 86%-Ы ӨРТТЕН ОРЫН АЛҒАН
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығын қабылдады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы, полковник М.Жаксибаев шаһар басшысы М.Әйтеновтың алдында есеп беру кезінде мәлімдеді. Мадияр Есенгелдіұлының айтуынша, соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам ...
Толығырақ »Шымкентте медициналық құрал-жабдық сатып алуға 1,1 млрд теңге бөлінген
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының тарапынан жылдың басында медициналық жабдық сатып алу үшін 1,1 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Нәтижесінде диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін жеті аппарат сатып алынған. Бұған қоса, жылдың соңына дейін үш медициналық техника сатып алынады. Амбулаториялық деңгейде Шымкент қаласының 44 ...
Толығырақ »ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНЕН ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ ӨТТІ
Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Мұндай мереке әр елде аталып өтедi. Қазақстанда Еңбек күнi қыркүйектiң соңғы жексенбiсiнде аталып өтедi Осы орайда, Еңбек күнi мерекесі аясындаТүркістан қаласындағы «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында орналасқан «ArtClay» ұлттық шеберханасында «Қыш-құмыра жасау – көнеден жеткен мұра» тақырыбында шеберлік сыныптары өткізілді, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Іс-шара «Қазақтану» ...
Толығырақ »«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі жастары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, ұлтаралық достықты сақтау, нығайту мәселелері бойынша «Далабазар» және «Фурқат» жалпы орта мектеп оқушылары, ата-аналары қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, Сайрам АІІБ полиция инспекторы полиция капитаны Е.Абдикадиров, ауылдық округі әкімшілігі аппараты ішкі саясат мәселелері бойынша бас маман Д.Нарымбетов және мектеп ұжымы қатысты. Кездесуде полиция ...
Толығырақ »ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТОЙХАНА ИЕЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ
Сайрам аудандық қоғамдық келісім басшысы Б.Айтбаев, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты М.Сиддиков және №70 учаскелік полиция пункті басшысы А.Әқмырза қатысумен, Қарабұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан тойхана басшыларымен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу барысында және мектеп жастағы жасөспірім балалар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жиналыс өткізілді. Сайрам аудандық қоғамдық келісім басшысы ...
Толығырақ »Сыбайластыққа соққы: Жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру қажет
Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамадасында» әлеуметтік дертпен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейту мәселелеріне ерекше мән берілген. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын комиссиялар құрылды. Осыған байланысты, азаматтық қоғамдық сыбайлас жемқорлықтың кез келген ...
Толығырақ »Шымкент пен Грузия туроператорлар ассоцияциясымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады
Шымкент қаласының туристік тартымдылығы Грузия елінің астанасы Тбилиси мен Кутаиси қаласында таныстырылуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шарада Шымкенттің туристік әлеуеті жайлы аталған қалаларда презентация жасалып, пікір алысып, өзара тиімді байланысты нығайту туралы келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, Кутаиси қаласының мэрімен кездесу өткізіліп, шаһардың көрікті жерлеріне ақпараттық тур жүргізілді. Кездесу нәтижесінде ...
Толығырақ »«Мен көшбасшымын»: Шымкентте жастар арасында семинар-тренинг өтті
Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығы мен Орталық Азия инновациялық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Мен көшбасшымын» атты семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған шараның мақсаты – енді ғана университет табалдырығын аттаған білім алушыларды белсенділікке шақыру, командалық ұйымшылдыққа үйрету, көшбасшылық қабілеттерін арттыру. Тренингке университеттің І курс студенттері мен белсенді жастары қатысты. Тренинг барысында жастармен танысу сәті, квест және психологиялық ...
Толығырақ »Шымкенттегі балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96%-ға жетті
Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% пайызға дейін жақсартылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% пайызға дейін жақсартылып, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда. Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің ...
Толығырақ »Шымкент: Ынтымақ-2 шағын ауданын инфрақұрылыммен қамту жалғасып жатыр
Шымкент қаласы Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс бөлігін инфрақұрылыммен қамту жалғасуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданының Батыс бөлігінде 2 071 үй орналасқан. Инфрақұрылыммен қамту мәселесі өзекті. Қазіргі таңда газ, су, жол, жарықтың жырын шешу үшін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған елді мекенге барып, нысандар құрылыс сапасын тексерді, тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады. ...
Толығырақ »Сайрам көне һәм жаңа қала
Соңғы жылдары аталған тарихи орындарға Қазақстанның өзге қалаларынан және шетелдерден келуші азаматтар қатары көбейген. Туристер әсіресе, қаланың Қаратау ауданына қарасты, Сансыз баптардың мекені атанған Сайрамға жиі келеді. Сайрам-ортағасырлық Қазақстанның тарихындағы көптеген саяси оқиғалармен тығыз байланысты. Сайрам бір кездері Тараз, Фараб, Шауғар, Сауран құрамында болған феодалдық иеліктің астанасы болған, оның төл ақша шығаратын теңгеханасы болды. Кейінгі ортағасырлар кезеңінде Сайрам Қазақ хандығының ...
Толығырақ »Шымкент қаласының әкімі Көкбұлақ елдімекенінің тұрғындарымен кездесті
Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекенін инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Тұрғын алапқа былтыр толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған. Сондай-ақ 2021 жылы тұрғындар ауыз су мен жарыққа 100% қол жеткізді. Ал көгілдір отынмен осы жылдың ІІІ тоқсанында қамтылатын болады, құрылыстың 90% атқарылған. 2 390 ...
Толығырақ »Түркістанда «Ұлтымыздың ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты дөңгелек үстел өтті
Түркістан қалалық орталық кітапхана мен Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің ұйымдастыруымен «Бір ел — бір кітап» акциясы «Ұлтымыздың ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты студенттер арасында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Басты шара ақын, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған студенттер қатысты. Шараның мақсаты — қазақ халқының әлеуметтік, ...
Толығырақ »Стамбул мен Измирде Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды
Стамбул мен Измирде Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Түркияда роуд-шоулар өтуде. Екіжақты кездесу аясында іскерлік және серіктестік қатынас орнату бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Шымкент географиялық аумағы жағынан қолайлы және инвестициялық жобалар жүргізуге ыңғайлы жағдай жасалған қала. Бұл ретте, қалаға жақын орналасқан тарихи туристік аймақтардың және жағымды ауа-райының да ...
Толығырақ »«Нашақорлықтың алдын алу»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті
Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған басқосудың негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру. Қазіргі таңда ҚР ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Тұрғындарға вакцина салу жұмысы тіркелген мекенжайы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жүргізіледі. Осы мақсатта қалада жергілікті бюджет есебінен «Гриппол +» вакцинасының 134 580 дозасы сатып алынған. Қазіргі уақытта вакцина қаладағы емханаларға таратылып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Инна Глазебная вакцинаны бірінші кезекте қай санаттағы тұрғындарға салатынын атап өтті. –Алдымен созылмалы ауруы бар диспансерлік есепте тұратын тұрғындар арасында алты айдан ...
Толығырақ »Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары кезекті қабылдауын өткізді
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан кезекті қабылдауын өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес, бүгінде елімізде барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарларына тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеу жүктелген. Осыған орай, бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл ...
Толығырақ »Победителям «Шымкентской молодежной лиги» подарили мини-автобусы
Победителям «Шымкентской молодежной лиги» подарили мини-автобусы, передает didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сегодня в Шымкенте состоялось торжественное открытие спортивных соревнований «Шымкентская молодежная лига». Уже в третий раз на традиционном турнире школьники соревнуются по четырем видам спорта. Это мини-футбол, волейбол, баскетбол и шахматы. На церемонии открытия соревнований выступили первый заместитель акима города Шымкент Шынгыс Мукан, секретарь городского маслихата Бахадыр Нарымбетов и спонсор турира ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«Дүниежүзілік тазалық күніне» орай бүгін Түркістан облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған сенбілікке оның орынбасарлары, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Ерлан Абдиев қатысып, түркістандықтармен бірге «Жібек жолы» саябағында ағаш екті. Тазалық шарасына 1 мыңға жуық түркістандық белсене атсалысты. Қала әкімі табиғат жанашырларына алғысын айтып, барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Тек ...
Толығырақ »ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың арыз-өтініштері бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының м.у.а. Арап Қайрат Абдрахымұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға алғашқы болып келген Г. Таскинбаева Ақбай ауылындағы жекеменшік балабақшасына тағы 50 бала қосу үшін мемлекеттік тапсырыстан өтудің жолдарын түсіндіріп беруді сұрады. Бұл мәселеде 2020 жылдан бері ҚР білім және ғылым министрлігінің тарапынан қосымша мемлекеттен ...
Толығырақ »Түркістанда салынып жатқан барлық ғимараттар қаланың көркін ашуда
Елімізде су спорты түрлерін дамытып, Түркістан қаласында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізу үшін салынған Орта Азияда баламасы жоқ спорттық кешендері бар ескек есу каналы құрылысының екінші кезеңі басталды. Олимпиадалық орталық сәулеттік көркімен ғана емес, қаланы көгалдандырып, туризмді дамытуға және өңірдің атмосферасын өзгертуге де мүмкіндік береді. Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынған жоба 100 гектарға жуық алаңда орналаласқан. Ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын су ...
Толығырақ »«ЫНТЫМАҚ — БҰЗЫЛМАЙТЫН ҚОРҒАН»
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің аудандағы қоғамдық саяси ахуал жөніндегі берілген тапсырмаларын орындау мақсатында, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Б.Айтбаевтың төрағалығымен Қарабұлақ ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, аудандық мәслихат депутаты М.Сиддиков және жұмысшы топтың белсенді мүшелері мен тойхана иелерінің қатысуымен, Құқықбұзушылықтардың алдын алу, ұлтаралық татулықты сақтау, кез келген кикілжің оқиғаларды болдырмау, олардың алдын ...
Толығырақ »Н.ТҰРАШБЕКОВ: «ҚАЗІР ДЕМАЛУҒА БОЛМАЙДЫ, ЖАУЫН-ШАШЫН БАСТАЛҒАНША ӘР СӘТТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК»
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін ІІ мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі екіқабатты тұрғын үй аулаларындағы абаттандыру құрылысын аралап, жұмыс барысын тексерді. Аралау барысында аулалардағы заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша сала басшысына нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін бекітті. Бірлік секторындағы сквер, «Отырар» мөлтек ауданындағы желілік саябақ құрылысы мен жарықтандыру жұмысына қатысты бірқатар кемшіліктер айтылып, мердігер мекемеге ескертілді. Сонымен қатар, жолдарға тас төсеу ...
Толығырақ »«ЖАСТАР РУХЫ» жастар қанаты Сайрам аудандық филиалының жаңа төрағасы тағайындалды
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның белсенді жастарымен кездесу өтті. Кездесуде партияның Атқарушы хатшысы Әбдіқадыров Алмас Әбдірахманұлы аудан жастарына Президент жолдауын жіті түсіндіріп, жастарға жасалып жатқан игі бастамаларды тілге тиек етті. Жиын барысында «Жастар Рухы» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Жұман Жансерік Бауыржанұлы партияның жастарға арналған жаңа жобаларымен, тың бастамаларымен бөлісті. Сондай-ақ бұған дейін ...
Толығырақ »