Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ ИЕСІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

САЙРАМДА МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ ИЕСІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жуырда ғана Мемлекет басшысының мемлекеттік наградасымен марапатталған Қансейіт Мұхамеджан жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Ағымдағы жылы аудан орталығында орналасқан «Светофор» сауда орталығы және Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында өрт оқиғасы орын алған болатын.
Осы келеңсіз жағдайда өміріне төнген қауіпсіздігіне қарамастан, еліміздің Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын өрттен қорғап, өз еркімен алып шықты.
Ерлік көрсетіп, еліне деген отаншылдығын танытқаны үшін биыл Республика күніне орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен аталған орталықтың қызметкері Қансейіт Мұхамед Абылхасымұлы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Мұнан алдын жас азаматқа алғысын білдірген облыс әкімі «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін, сонымен қатар аудан әкімі алғыс хаты мен сыйлығын табыстаған.
Орталықтың басшысы Абзал Казанкаповтың бұйрығымен М.Қансейіт жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің маманынан осы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.
Айта кетелік, Қансейт Мұхамед Абылхасымұлы оңтүстік өңіріне қарасты Сайрам ауданының Шіркін ауылында 1995 жылдың 4 қазанында дүниеге келген.
2013 жылы №52 Мұстафа Өзтүрік атындағы жалпы орта мектебін бітірген.
2018 жылы М.Сапарбаев институтының «Құқықтану» мамандығын үздік тәмамдаған.
Ол алғашқы еңбек жолын 2021 жылы Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінде маманнан бастап, ағымдағы жылдың 3 қарашасына дейін қызмет атқарды.
Мемлекет және өңір басшыларының құрметіне бөленіп, сенімін арқалаған жерлесіміздің алдағы қызметіне сәттілік тілей отырып, әлеуметтік салаға жаңа серпіліс беретініне сеніміміз мол.

Пікір жазу