Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлының жеке қабылдауда тыңдалған қайнарбұлақтықтың өтініші бүгінгі таңда толықтай қанағаттандырылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Сайрам ауданы әкімдігінің «Фейсбук» және «Инстаграм» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында ағымдағы жылдың 25 қазанында Қайнарбұлақ ауылдық округінің Қасымбек Датқа ауылындағы С.Уәлиханов көшесінде №11 тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алу салдарынан зардап шеккен Қ.Жандаровтың жақыны және «Айна Оңтүстік» газетінің бас редакторы А.Датқаев аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлының жеке қабылдауында болып, әлеуметтік көмек көрсету немесе уақытша тұрғын үймен қамтуды сұранғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.
Жеке қабылдау барысында зардап шеккен тұрғынның жағдайы жеке бақылауға алынып, қолданыстағы заңға сәйкес шұғыл түрде шешім қабылданатыны түсіндірілді.
Әкім орынбасарының ұсынысымен өрттен зардап шеккен азамат тұрғылықты жері бойынша ауыл әкімшілігіне жүгініп, көмек көрсету жөнінде жазбаша өтініш білдірген. Нәтижесінде өтініші қаралып, қажетті құжаттары жинақталып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданылған.
«Сайрам ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Сайрам аудандық мәслихатының тиісті шешімі және өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылған арнайы комиссияның тексеру қорытындысы шықты.
Аталған бөліммен Қ.Жандаровтың жеке есеп шотына біржолғы материалдық көмек ретінде 900 мың теңге көлемінде қаржы аударылды.
Өз кезегінде көмекке мұқтаж болған азаматтың жерлестері де қамқорлығын танытып, қайырылымдық жасаған. Олардың тарапынан жылу маусымына дайындық есебінде техникалық жабдықтар және басқа да тұрмыстық заттар тұрғын үйіне жеткізіліп берілді.
Жеке қабылдауда тыңдалған қайнарбұлақтықтың өтініші бүгінгі таңда толықтай қанағаттандырылды.

Пікір жазу