Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ

Түркістан қалалық кітапханалар жүйесінің жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру – ұлттың болашағы» топтамасы аясында қоғамдық маңызы бар бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Түркістан қалалық №5 кітапхана-филиалында жалпы оқырмандармен «Латын әліпбиі – болашақтың кілті» атты әңгіме «Жастар орталығында» өткізілді. Оқырмандар Бақкелді  Айжан, Пернебек Анар, Нарымбет Камила, Ерасыл Айзере, Әділбек Еркеназ қатысып, тіл туралы өлеңдерін, мақал-мәтелдер, өз ой пікірін айтты. Әңгіменің мақсаты латын әліпбиіне көшудің  маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсететін және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.  «Латын әліпбиіне көшу – еліміздің рухани өмірдегі қадамы » атты кітап көрмесі жасалды.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық №3 кітапхана-филиалы «Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің жаңа белесі» атты тақырыптық көрме, №9 кітапхана-филиалы «Латын әліпбиі болашақтың кілті» атты оқырмандар арасында диктант жазды.

Түркістан қалалық №7 кітапхана-филиалының  ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғыру –  мәңгілік ел болудың кепілі» атты әдеби әңгіме жасалды. Білім бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген сөз. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек» деп, еліміздегі білім саласындағы мәселелерге тоқталып өтті. Мақсаты рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық№8 кітапхана-филиалы «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» атты өнеге сағаты№5 кітапхана-филиалы «Рухани құндылықтар – рухани жаңғыру келбеті» атты кітап көрме жасалды.

№9 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Алтын адам – рухани жаңғыру символы» атты библиофреш өткізді. Іс шара барасында  Алтын адам — 1970 жылы басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылғандығын және  Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілгендігі. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалғандығын кітапханашы Малдыбекова Фариза айтып оқырмандарға таныстырып өтті.

Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Көрменің бірінші бөлімі  «Қасиетті, киелі мекен — Түркістан» деп аталды. Мұнда «Түркістан», «Тамыры терең — Түркістан», «Шежірелі Түркістан» кітаптары қойылса, «Түркі әлемінің төл перзенті» екінші бөлімге ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, шығармалары «Диуани хикмет», ғалымдардың, жазушылардың еңбектері, кесененің  салыну тарихы,  жайлы «Иасауи жолы», «Тайқазан», «Реставрация-жаңғыру өнері» сынды т.б көптеген кітаптар қойылды. Үшінші бөлімде  «Түркістанның тұлғалы перзенттері» яғни Түркістанан шыққан ақын — жазушылардың кітаптары қойылып, оқырмандарға насихатталды.

8 қараша күні Түркістан қалалық №8 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» атты өнеге сағаты №14 Қазыбек би мектебінің мұғалімдері мен  кітапханашылар арасында болып өтті. Мақсаты оқырмандарымыз рухани жаңғырудың  табысты ел болуымыздың кепілі екенін, заман ағымына сай жаңғыру екенін түсінеді Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс.

«Рухани жаңғырту» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске енгізу әлеуметтің, ғылыми-эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді түрде атсалысуымен жүзеге асады.

Айта кетейік, мемлекеттік деңгейде қабылданған саяси салмағы бар ресми құжат — «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Рухани жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Пікір жазу