Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 72)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

Балаларды қорғау  — басты назарда

1-маусым «Халықаралық балалар күні» мерекесіне орай Түркістан облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бірқатар ісшаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда: Мерекеге орай Түлкібас ауданының Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Шараға Түлкібас ауданының әкімі Н.Ізтілеуов, аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығының бастығы Т.Тұрсынқұлова, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің полиция инспекторы Н.Еламанов, учаскелік полиция инспекторлары А.Байжанисова, Г.Есенкулова, аудандық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры М.Түгербаева қатысты. ...

Толығырақ »

Полиция балаларға арнап «ашық есік» күнін өткізді

Сайрам ауданының Полиция басқармасында мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне арналған «ашық есік» күні өтті. Іс-шараға полициямен қатар Төтенше жағдай қызметі де ат салысты. Мақсат- жастарға кәсіптік бағдар беру, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ішкі істер органдары қызметкерлері жайлы оң көзқарас қалыптастыру, олардың күнделікті қызметімен таныстыру. Сондай-ақ жас достарға тапсырмаларды орындауда қандай арнайы құралдарды пайдаланатыны көрсетілді. Полицияның “102” жедел желісіне ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 200-ГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА ҚУАНЫШ ҚОРЖЫНЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар 200-ге жуық балаға мерекелік қоржын табысталды. Қалалық Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенова және ерекше қажеттілігі бар балалар мен ата-аналары қатысты. Шарада алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы: Бала жүрегі ана деп,ана жүрегі бала деп соғады. Қазақ ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНДЕ 500 ОҚУШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

Бүгін Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балалармен бірге көрме мен концерттік бағдарламаны тамашалады. – Балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Балалардың жүзіне күлкі сыйлап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, мекеме аумағын аралап, балалардың жағдайымен танысты. Ал, балалар тәрбиешілермен бірге арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ән айтып, би билеп бар өнерін ортаға салды. Бүгінде орталық қызметкерлері балғындар үшін отбасылық жайлылық пен жылы ...

Толығырақ »

БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭДЕ ЕСУДЕН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер 150, 200 метр қашықтық бойынша бақ сынайды. Жалпы 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген. Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ЖАСЫНДАҒЫ АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Бүгінгі бала – ертең еліміздің тұтқасын ұстар азамат, мемлекеттің болашағы. Сондықтан болашақ иелерінің жаны мен дені сау болып өсуі аса маңызды. Шымкент қаласы “Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық аурухана базасында «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару» ресурстық орталығы ашылды. Шаһарда алғаш рет қолға алынған оқыту-әдістемелік орталықтың ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Шымкент қаласының Білім басқармасының қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, «Балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Шымкент қаласының Білім басқармасының мамандары, Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі –бала құқықтары жөніндегі уәкілі, №1, №2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының басшылары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры, Қосымша білім беру оқу ...

Толығырақ »

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инпекторлары Жетісай қаласы аумағында қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ауыл билері мен ақсақалдарына есеп беру кездесуін өткізді. Шара барысында аға учаскелік полиция инспекторы Бахытбек Алекенов 2024 жылдың 5-айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар Жетісай аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы Еркен Мыржабаев сөз алып, кәсіпкерлерге қылмыстардың алдын алу мақсатында, сауда ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Республикамызда 1 айға жоспарланған нашақорлыққа қарсы іс-шаралар науқаны басталған болатын. Осыған орай, Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың мәжілісі өтті. Мәжілісті Түркістан облысы әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Бейсенбай Тәжібаев жүргізді. Аталған шараға Түркістан облысы полиция департаментінің орынбасары, полиция полковнигі Қ.Сахов, өңірлік ведомствоаралық штаб отырысының мүшелері, тиісті сала ...

Толығырақ »

Шымкенттік дәрігерлер 278 күн бойы жаңа туылған нәрестенің өмірімен күресті

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 25 наурыз күні кесір тілігі арқылы 39 жастағы келіншек босанған. Босанған кезде анасының жағдайы нашар болғанына байланысты келіншек кесір тілігі арқылы босанған. Баланың жағдайы туылғанда нашар болған.Салмағы туылған кезде не бәрі 980 грамм болған. Дәрігерлер жаңа туылған бүлдіршінді бірден жансақтау бөліміне ауыстырған. Жансактау бөлімінде өкпенің жасанды желдету апаратында СДР, БЛД диагноздеримен ем кабылдады. Одан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ «ӨНЕРІ ӨРГЕ ШАЛҚЫҒАН ОРДА» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Өнері өрге шалқыған орда» атты концерті өтті. Концертке облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Шәмшінің қарындасы Райхан Қалдаяқова және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызы, Шәмші мұрасын зерттеп жүрген композитор Қалдыбек Құрманәлі бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш шымылдығы Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған Шәмшінің «Отырардағы той» әнімен бастау алды. Салтанатты ...

Толығырақ »

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: МАҚСАТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Бүгін Шымкент қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті. Жастар – еліміздің басты стратегиялық ресурсы. Қазіргідей цифрлық дәуірде интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеті жоғары, эрудициясы терең, креативті идеяларға ие жас буынның мемлекеттік қызметте білікті маман болып қалыптасуына үлкен мән берілуде. Болашақ мамандардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, әкімдіктің жұмысымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс шараға келген студенттерді ...

Толығырақ »

Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улауда

Түркістан облысы аумағында  26 маусым «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні» аясында нашақорлыққа қарсы айлық профилактикалық іс-шаралар өткізу жүзеге асырылуда. Шараның басты мақсаты – есірткісіз аймаққа ай­налуды көздейді. Есірткімен күрес, нашақорлықтың алдын алу – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл – қауіпті кеселді аса ауыр қылмыс деп бағалауға да болады. Өйткені, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, есірткі ...

Толығырақ »

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Түлкібас ауданының Рысқұлов ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынның негізгі мақсаты округтегі өзекті мәселелер мен ауыл тұрғындары арасындағы татулық пен тұрақтылықты нығайту жөнінде атқарылатын жұмыстарды анықтап, тиісті шараларды қабылдау туралы. Кездесуге ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті Түлкібас аудандық бөлімшесінің бастығы — Ғ.Ромашов ...

Толығырақ »

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан кәсіпкерлік мектебінде «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған акцияға аудандық кірістер басқармасының мамандары, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен мекемелер, тиісті орган қызметкерлері қатысты. «Халық заңгері» акциясына келген тұрғындар, өз көкейлерінде жүрген ҚР Заңнамалары ...

Толығырақ »

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Eліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Акция аудан әкімдігінің бірінші қабатында ұйымдастырылып, тұрғындар әкімдікке қарасты дербес бөлім, мекеме мамандарынан, өңірдің ең үздік заңгерлері мен адвокаттарынан заң, құқық қорғау төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына және шешілмеген даулар бойынша тегін кеңес беріп, көмек көрсетті. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру ...

Толығырақ »

БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

Қараспан ауылдық округіне қарасты Батыр ата және Бөржар ауылдық округіне қарасты Бірлік пен Жамбыл ауылдарына газ берілді. Көп жылдар бойы көгілдір отынға қол жеткізе алмай жүрген жұртшылықтың қуанышында шек болмады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы келіп, құттықтауларын жеткізді. 1300-ден астам ...

Толығырақ »

ЖАСТАР АРАСЫНДА «АДАЛ АДАМ, АДАЛ ЕҢБЕК, АДАЛ ТАБЫС» АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Сарыағаш ауданында жас ұрпақты ізгілікке бағыттайтын мақсатты шара өтті. «Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс» тақырыбы аясында өрбіген шараның негізгі мақсаты — ел ертеңінің іргетасын қалайтын жастарды адал, парасатты тұлға болуға тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Жастар қауымын рухани кемелдендіруге бастайтын шарада ұйымдастырушылар жастарды ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Төлебай Тоғжан Ақтау қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатында Азия чемпионы атанып, 1 орынға ие болды. 27 мемлекеттен 500 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жеңіске жеткен жас спортшының осыған дейінгі жетістіктері де жетерлік, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі жыл бұрын ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРҒА ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған іс-шараға ішкі талдауды жүргізген жұмыс тобы және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Аудан әкімінің аппаратының басшысы Ш.Кенес жүргізілген ішкі талдаудың бағыттарын, сипаттамасы және сыбайлас жемқорлық ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДЕ ТАБИҒИ ШЫРЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Төлеби ауданында алма шырыны шығарылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Облыс басшысы ауылшаруашылығы саласындағы шаруалардың жай-күйімен танысып, жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Кемеқалған ауылдық округі «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативінің қарқынды алма бауында болды. Тамшылатып суару жүйесі арқылы қарқынды алма бауын өсіру ісін қолға алған кәсіпкер иелігіндегі 138 гектар аумақтың 110 гектарына 300 мыңға жуық көшет ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДЕ АРДАГЕРЛЕР МЕН ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ленгір қаласындағы «Жарқын өмір және тең қоғам» мекемесінің ашылу рәсіміне қатысып, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орталықтың жұмысымен танысты. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, психолохиялық қолдау бағытында кеңес беріледі. Массаж, його орталығы, емдік спорттық дене шынықтыру, көңіл сергіту шаралары қарастырылған. Бұған қоса, зейнеткерлердің тынығып, демалып, рухани-танымдық шаралар ұйымдастырылып, тыныс жолдарын ашу ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әрбір аудан, қаласында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, өңір басшысы Дархан Сатыбалды халықпен ашық кездесулер өткізіп келеді. Кезекті кездесу Төлеби ауданында жалғасты. Облыс әкімі осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы жоспарларды пысықтап, ауданның дамыту жұмыстарына тоқталды. – Бүгін өздеріңізбен маңызды мәселелерді талқылау үшін жүздесіп отырмыз. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қосағаш елді мекеніндегі 300 орындық жайлы мектебінің құрылысымен танысты. Облыс басшысы мердігермен кездесіп, жұмыс барысын пысықтады. Ұлттық жобаны іске асырудағы проблемаларды талқылады. Құрылыс материалдарымен қамтуға қатысты мәселені талқылады. Құрылысқа жергілікті тұрғындар тартылған. Құрылыс алаңдарына бейнекамералар орнатылып, жұмыс процессі тиісті бақылауға алынған. Бірыңғай стандарт бойынша салынып жатқан жайлы мектептер заманауи технологиялық және инженерлік жабдықтармен, ыңғайлы оқу ...

Толығырақ »