Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » “KMG SUMPPLE COMPANY” ЖШС АУМАҒЫНДАҒЫ ӨРТ: ҚАЛА ӘКІМІ ОҚИҒА ОРНЫНДА

“KMG SUMPPLE COMPANY” ЖШС АУМАҒЫНДАҒЫ ӨРТ: ҚАЛА ӘКІМІ ОҚИҒА ОРНЫНДА

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы “Ордабасы” индустриялық аймағының аумағында техникалық газ күкірті тұтанып, өрт басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек, огонь и текст
Өрт “KMG Supple Company” ЖШС-інің ашық алаңында сақталып тұрған күкірт қаптарын шарпыған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков оқиға орнында.
Өртті жою үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды. Өртті сөндіруге 84 қызметкер және 22 техника өртті жұмылдырылды.
Өртке оранған күкірт Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шыққан. Тараздағы “Қазфосфат” ЖШС-інің минералды тыңайтқыштар зауытына тасымалдануы тиіс болған.
Өртті жоюға Орталық Медициналық комитет (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), жергілікті атқарушы органдар (4 қызметкер), санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (2 қызметкер және 1 техника бірлігі), сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметкерлері (2 қызметкер) де қатысуда.
Жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына терезелер мен есіктерді жауып, мүмкіндігінше сыртқа шықпауға және тыныс алу кезінде жеке қорғау құралдарын пайдалануға кеңес береміз.
Шымкент қаласының әкімдігі азаматтардың қауіпсіздігі үшін өртті сөндіру және оның салдарын жою кезінде Шаңырақ шағынауданы тұрғындарын уақытша эвокуациялау туралы шешім қабылдады.
Возможно, это изображение 3 человека и огонь
Жағдай Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің бақылауында, өртті толық сөндіру жұмыстары әлі де жүргізілуде.
© Didarbek.kz

Пікір жазу