Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қолдауымен балалар теміржолы қала тұрғындарына қолайлы жаңа серуендеу аймағы ретінде пайдалануға берілген болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық стадион мен Дендросаябақ аралығындағы серуендеу аймағында жүгіру және велосипед жолдары, воркаут алаңдары бар. Қазіргі таңда қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелердің спортшылары күнделікті жаттығу жұмыстарын өткізуде.
© Didarbek.kz