Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соның бірі – Сауранның белсенді азаматы Алмат Нұрымбетов. Оның бастамасымен жағдайы төмен 2 отбасыға баспана берілді.
Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары, аудандық мәслихат депутаттары және жеке кәсіпкерлері бірлесе үлес қосты. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, ауданның бас имамы Бауыржан Акауов, ауданның белсенді азаматшасы Бибімария Қарабалаева және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, игілікті іске атсалысқандарға алғыс білдіріп, қоныс той иелерін құттықтады. Сонымен қатар аудан әкімі мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға алғыс хат табыстады.
© Didarbek.kz