Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов халықпен тығыз байланыс орнату, жекелеген азаматтардың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Қызылқия, Қарабау және Қ.Әбдалиев ауыл округтерінен келген бірнеше тұрғынмен жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім-мекеме басшылары мен мамандары, жоғарыда аталған ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындар ауыз су мәселесі, қоқыс тастайтын орын және балық шаруашылығымен айналысу үшін рұқсат алу мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы барша сұрақтар мен өтініштерді тыңдап, нақты дәлелдермен заң аясында жауап беріп, тиісті бөлім басшысы мен ауыл округі әкіміне өтініштердің шешімін табуды тапсырды.
© Didarbek.kz