Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының ұйымдастыруымен басталған ашық алаңдағы спорттық сайыстар жалғасуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
200-ден аса жасөспірім қатысқан шараның кезекті жарыс күнінде жас спортшылар қазақтың ұлттық ойындары, дойбы, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, секіргішпен секіру, шахмат сияқты спорт түрлерінен жарысқа түсті. Ойын соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілер тарапынан сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
Қала тазалығына жанашырлықпен қарау – азаматтық борышым деп білген халықаралық дәрежедегі спорт шебері, түркістандық дзюдошы Дидар Хамза да тазарту күніне белсенді атсалысып, жасөспірімдерге үлгі бола білді.
Сонымен қатар, спорттық ойындар тұрғындарға арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Жиналған қауымға қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері өнер көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады. «Түркістан» әні Яссы халықтық этнофольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен орындалып, көрермен қошеметіне бөленді.
© Didarbek.kz