Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕЛДОС СМЕТОВ — ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

ЕЛДОС СМЕТОВ — ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Олимпиада чемпионы атанды. Ол дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы болды.
60 келі салмақта қазақ палуаны финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.  Осылайша спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.
Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.
Елдосты және барлық қазақ халқын көптен күткен алтын жүлдемен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын!

Пікір жазу