Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолдап әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс екендігін атап өтті. Өйткені жастардың сапалы білім алып өсуі, саналы азамат болуы, болашақта ғылымды дамытуы қазіргі жастарымыздың білім алып жатқан мектептерінің жағдайына тікелей байланысты екені сөзсіз, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл бағытта жұмысты жандандыру, Қазығұрт ауданындағы құрылысы жүріп жатқан мектептердің материалдық жағдайын тексеріп, құрылыс сапасын бақылау мақсатында аудан әкімі Азизхан Исмаилов Шанақ, Қ.Әбдалиев, Жаңабазар және Жігерген ауыл округтеріне арнайы іс-сапармен барды.
Іс-сапары барысында мектеп ғимаратының сыртын арнайы материалмен қаптау, бояуларын ретке келтіру, ішкі әжетханаларының құрылысын көру және басқа да ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді.
Сондай-ақ, мектепте құрылысын жүргізуші мердігер мекеме басшылары және жауапты мамандармен кездесіп, жақсы жасалған істеріне оң баға беріп, кейбір кемшілікті тұстарын айтып, қосымша тапсырмаларын берді. Балалар үшін қолдан келгенше жағдай жасау біздің міндетіміз екенін ескертіп, құрылысты сапалы әрі уақытылы жүргізуді талап етті.
© Didarbek.kz