Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 84)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Төлеби ауданы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мәжілістің күн тәртібін комиссия төрағасы, аудан әкімі Төлеген Телғараев таныстырып, ...

Толығырақ »

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Комиссия мәжілісіне аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын – алу, оның ішінде ауыр қылмыстардың профилактикасы туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші ...

Толығырақ »

ӨҢІРЛІК КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішев Созақ ауданының кәсіпкерлерімен кездесті. Алқалы жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Орынбасар Кабиштаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры ...

Толығырақ »

ПРОБАЦИЯ БОЙЫНША МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлованың төрағалығымен өткен жиынға аудандық прокуратураның прокуроры Серік Усеев, ...

Толығырақ »

КЕЛЕС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Өңір аумағындағы жалпы орта білім беретін мектептердегі кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған жұмыстар туралы өткен комиссия отырысына аудандық полиция бөлімі,аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және ...

Толығырақ »

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатовтың төрағалығымен жиналыс болып өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері мен осы салаға жауапты мамандары қатысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Күн тәртібінде мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов баяндап өтті. Онда 2024 жылғы көктемгі мерзімге әскерге шақыру бойынша зерделеу және іріктеу жұмыстары ...

Толығырақ »

АРЫСТА ЖАС САРБАЗДАРДЫҢ ТАҒЫ БІР ЛЕГІ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Арыста қаласында мерзімді әскери қызметке шақырылған жас сарбаздардың кезекті легін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Отан қорғаушылар құрметіне орайластырылған салтанатты рәсім Жастар Ресурстық орталығы ғимараты алдында өтті. Салтанатты шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Ерлан Біләлов, қалалық ардагерлер ұйымының ...

Толығырақ »

Даңқты жауынгерлердің ерліктерін бүгінгі ұрпақ естеліктер арқылы танып келеді 

Кешегі арамызда жүрген жандардың өнегелі жолын, даңқты жауынгерлердің кескілескен ұрыстағы ерліктері мен еңбек майданындағы тыл ардагерлерінің еңбектерін бүгінгі ұрпақ естеліктер арқылы танып келеді. 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Ербол Жұманов және ардагерлер мен тұрғындар орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып ...

Толығырақ »

Шекарашы сарбаздар мен Отан қорғаушыларды құттықтады

Ер есімі – ел есінде сақталады. Кешегі арамызда жүрген жандардың өнегелі жолын, даңқты жауынгерлердің кескілескен ұрыстағы ерліктері мен еңбек майданындағы тыл ардагерлерінің еңбектерін бүгінгі ұрпақ естеліктер арқылы танып келеді. Сынаптай сырғыған уақыт алға жылжып, отырарлықтар Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлерді жыл салып қайта еске алды. Ынталы елді мекенінде орналасқан «Жеңіс» саябағында соғыс ардагерлерінің ұрпақтары бас қосып, тағзымтақтаға гүл шоқтарын қойды. Аудан ...

Толығырақ »

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҒИМАРАТЫ БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС

Спорт кешенін салу —  Мемлекет басшысының өңірде заманауи спорт инфрақұрылымын құру жөніндегі тікелей тапсырмасы. Ос ыорайда, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады. Спорт кешенінің құны – 836 млн теңге, аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС. Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысын аяқтауға ...

Толығырақ »

«ДАҢҚ» МЕМОРИАЛЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Aудан орталығындағы «Даңқ» мемориалында Жеңіс мерекесіне арналған шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 9 Мамыр Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жауынгерлердің құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Шараға жиналған қонақтарға «Жеңіс» лентасы таратылып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлер мен бейбіт кезеңде дүниеден өткен ...

Толығырақ »

ЕРЛІК ЕЛГЕ — МҰРА, ҰРПАҚҚА-ҮЛГІ

Aудан орталығындағы Жеңіс саябағында «7- мамыр Отан қорғаушылар күні» және «9-мамыр Ұлы Жеңістің 79 жылдығы» мерекелеріне орай, «Ерлік елге-мұра, ұрпаққа -үлгі» атты мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік іс-шараға жиналғандар мәңгілік алауға гүл қойып, майдангерлер рухына құрмет көрсетті. Алдымен майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алып бір минуттық үнсіздік ...

Толығырақ »

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

Биыл Жеңістің 79-ші көктемі. Сол жеңісті жақындатып, бейбіт күн үшін күрескен ардагерлерді құрметтеу ұрпақ парызы. Осыған орай, арыстықтар сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлер мен азаттықтың ақ таңында өмірден өткен майдангерлерді еске алып, рухына тағзым етті. Ал Жеңіс күніне арналған салтанатты шара «Жеңіс скверінде» ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ең алдымен қала әкімі ...

Толығырақ »

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК – ЕҢ КҮШТІ ҚАРУЫМЫЗ БОЛУЫ КЕРЕК

Ер есімі – ел есінде сақталады. Кешегі арамызда жүрген жандардың өнегелі жолын, даңқты жауынгерлердің кескілескен ұрыстағы ерліктері мен еңбек майданындағы тыл ардагерлерінің еңбектерін бүгінгі ұрпақ естеліктер арқылы танып келеді. Сынаптай сырғыған уақыт алға жылжып, отырарлықтар Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлерді жыл салып қайта еске алды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ынталы елді мекенінде орналасқан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, соғыс және тыл ардагерлері, әскерилер, жастар және қала тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саябақтағы мемориалдық кешені тақырыпқа сай безендіріліп, келушілерге Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған көрме ұсынылды. Арнайы әскери оркестр сүймелдеуінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ...

Толығырақ »

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ!

Қасіретті Ұлы Отан соғысы жылдардағы қиын шақтардың азабын көрген ардагерлерге құрмет көрсету азаматтық парыз, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек бастаған топ 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында соғыс ардагері Мұратәлі Төлепбергеновтың үйіне арнайы ат басын бұрып, ...

Толығырақ »

БҰЛАҚ КӨЗІ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Төлеби ауданында тазалық шаралары жалғасын табуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, Кемеқалған ауылдық округі Ұйымшыл елді мекенінің тұрғындары, еріктілер, жастар бұлақ көзін ашу бағытында » Мейрам ана» бұлағының басында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында бұлақ көзі күл-қоқыстан, аймағын қураған ағаштан тазартты. Бұлақ маңындағы ...

Толығырақ »

ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Aудан орталығындағы “Ардагерлер аллеясында” Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, тыл ардагерлері, зиялық қауым өкілдері, әскерилер, жастар және аудан тұрғындары қатысты. Шарада аудан басшысы мер қатысушылар “Даңқ мемориалының” алдындағы мәңгілік алауға ...

Толығырақ »

ЖЕҢІС КҮНІН ЖАҚЫНДАТҚАН ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Алмас Сұлтанұлы 9-мамыр «Жеңіс» күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің шаңырағында болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол қазыналы қарттарға ауыр күндердегі адал еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын айтып,мерекелерімен құттықтап өзінің ізгі тілегін білдірді. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІҢ РИЗАШЫЛЫҒЫНА БӨЛЕНДІ

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Ұлы отан соғысының ардагеріне теңестірілген 93 жастағы отставкадағы милиция майоры Кашлакова Нина Витальевнаның үйіне барды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары ардагердің еңбектерін елеп, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Нина Кашлаковаға алғыс хат пен арнайы сый-сияпаттар табысталды. Оған қоса, офицерлер оның ауласын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Биылғы Отан қорғаушылар күні мерекесі – Ұлы Отан соғысының батыры, алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы тұлғалардың құрметіне отаншылдықты, ерлікті дәріптейтін іс-шаралар өтуде. Бүгін Түркістанда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, әскерилерді құттықтады. – Ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

Отырар ауданы Шәуілдір және Көкмардан ауыл тұрғындарына кеңес беру науқанында мобильді топ мүшелері тұрғын үй алудың тәртібі, тұрғын үйді жекешелендіру, зейнеткерлікке шығу, жұмысқа орналасу, алимент өндіру, егін алқаптарына су тарту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүйелендіру және ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие алудың тәртібі туралы құқықтық кеңестер берді. Заң көмегіне жүгінген тұрғындарға жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көтермелеулер, берілетін ...

Толығырақ »

Ұлттық Ұланның №6506 әскери бөлімінде мерекелік шара өтті

Түркістан облысы орталығында жаңадан құрылған әскери бөлімнің алаңында елдікке бастайтын мерейлі мерекеге орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне арналған шарада «Ұлттық Ұлан» сарбаздарының әскери шеруі өтіп, облыс әкіміне Қолбасшының баянаты жасалды. Облыс әкімі Д.Сатыбалды құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген жас сарбаздар мен сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат ...

Толығырақ »

Түркістан: жалпы қылмыстардың саны 9%-ға төмендеген

Түркістан облысында криминогендік жағдай тұрақты. Жалпы қылмыстардың саны 9%-ға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр және ауыр қылмыстар 20%-ға, қарақшылық 50%-ға, ұрлық 34,3%-ға, бұзақылық 22,5%-ға азайған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Облыстағы қылмыс деңгейі туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ЖАУЫНГЕРЛЕРІМІЗДІҢ САРА ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН САПТЫҚ ШЕРУ

Сайрам ауданы аумағындағы Орталық саябақта 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген сарбаздарымыздың саптық шеруі өтті. Оқушылардың отансүйгіштік сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, «Ақсукент Бастауыш Партия Ұйымының» төрағасы Берік Құдайберген, аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Ахметов, аудандық полиция басқармасының бастығы Мұрат Ермеков, аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысы Мұхан ...

Толығырақ »