Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ

СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ

Жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында «Суда абай бол,балақай!» тақырыбында аудан аумағындағы ауылдық округтердің мамандары және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірге аудан аумағында орналасқан үлкен арықтар мен каналдар жағалауларында үгіт насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 11 человек и люди ловят рыбу
Бірлескен рейдтік түсіндірме жұмыстарында шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау, басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтіріліп, іс-шара барысында қауіпсіздік шараларының нұсқаулығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған жадынама парақшалары таратылды.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
-Суға тек рұхсат етілген орындармен жағажайларда шомылыңыз;
-Суға шомылатын жерді, судың тазалығы мен, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
-Ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға, тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
-Суға түскенде бір-біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз;
-Тыйым салынған орындарға шомылуға болмайды;
-Алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға болмайды;
-Терлеп тұрған кезде денені суға үйретпей, түсуге болмайды;
— Қоршау белгілерінен асуға болмайды.
Возможно, это изображение 4 человека
Есте сақтаңыз!
Судағы қарапайым ережелерді сақтау – сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.
© Didarbek.kz

Пікір жазу