Aуданда жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 1 айға жоспарланған іс-шара өз мәресіне жетіп, қорытындыланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға белсене араласқан бірқатар сала мамандарына аудан әкімінің алғыс хатын табыс етіп, құрмет көрсетті.
Аудан орталығындағы “Тәуелсіздік” саяюағында өткен шараға аудан жастары, медицина мамандары мен спортшылар және барлық сала өкілдері қатысып, онда аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды жас ұрпақты салауатты өмірге үндеген шараның маңыздылығын тақата айтып өтті.
Сонымен қатар, Созақ аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Ғани Құрманбеков нашақорлыққа қарсы атқарылған шараларға тоқталып өтті.
Шара барысында ҚР Мемлекеттік Әнұраны асқақтата шырқалып, аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашты.
© Didarbek.kz