Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Рахымжанова, Арыс қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Е.Исаев Арыс аудандық орталық ауруханасына, Арыс қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына қоғамдық бақылаулар жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық бақылаулар барысында мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, кезексіз қызмет көрсету үшін арнайы қызметкерлер бекітілгені анықталды.
Сондай-ақ, мекемелерге келген қызмет алушыларға «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған және көмек қажет болған жағдайда арнайы кеңесші мамандар қарастырылған.
Проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар берілді.
Мұндай ел игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
© Didarbek.kz