Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті лездемелік мәжілісте құрылыс көлемінің индикаторлық орындалуы, соңғы үш жылда пайдалануға берілген нысандарға қатысты анықталған кемшіліктер мен қалпына келтірілуі бойынша — орынбасары Байдулла Оразбеков, бюджеттің игерілуі бойынша — орынбасары Талғат Төлегенов баяндама жасады.
Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мухит Көшенов қаланың бас жоспарына қатысты өзгерістерді, егжей-тегжейлі жоспар сызбасын ұсынды.
Қаладағы “Таза қала” байқауының барысы мен комиссия жұмысын мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Динара Жіпсібаева баяндады.
Мәжіліске қатысушыларға жұмысшы топтың анықтаған кемшіліктері көрсетіліп, салалардың апталық жұмысы сараланды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы атқарылған жұмыстарды бақылаудан алып, ұсынылған кемшіліктерді жоюға мерзім белгіледі. Мәжіліс қорытындысымен тапсырма-жоспар жаңартылып бекітілді.