Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Тастұмсық ауылдық округінде болып, Майтөбе және Қабанбай, Амангелді, Тастұмсық ауылдарының тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық қабылдауға дербес бөлім мен мекеме басшылары қатысты. Қабылдауда тұрғындар елді мекендердегі пайдаланылмай жатқан бос жерлерді қайтару, электр энергиясының жиі өшуі, интернет, ауыз су мен ағын су, заңсыз салынған ғимарат жайында және ауылға балабақша салу, көшеге жарық шамдар қою, көгілдір отын мен мектеп қызметкерінің еңбек тәртібін сақтамау сынды мәселелерін айтылып, аудан басшысы дер кезінде тиісті бөлім мен мекеме басшыларына шешілуін тапсырды.
© Didarbek.kz