ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (әрі қарай – Еңбекмині) жаңа замандағы әлеуметтік қызмет көрсетуді әрі қарай ұйымдастыру мәселесінде мемлекет пен отбасының және азаматтың ынтымақтаса қимылдауын көздеп отыр. Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, қызмет көрсетудің атаулы сипатын күшейтуде мұқтаж тараптың өтініш беруін тоспай-ақ, оны анықтайтын жұмыс тәсіліне ...
Толығырақ »Көкейтесті
БІЛІМ – ӘЛЕМДІК, ТӘРБИЕ – ҰЛТТЫҚ!
Латын әліпбиінің ыңғайлы нұсқасын таңдауда әрбір ел азаматының пікірі ескеріледі. Яғни, әрбір тіл жанашыры мемлекеттік тілді латын қаріпіне көшіру ісіне өз үлесін қоса алады. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде өткен «Латын әліпбиі: білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық» дөңгелек үстелінде студент жастарға латын әліпбиінің Елбасыға ұсынылған жаңа нұсқасы таныстырылды. – Соңғы нұсқада көрсетілгендей, кей дыбыстар дәйекше арқылы берілген. Бұл нұсқа оқуға ...
Толығырақ »ТҮБІ БІР ТУЫСТАР
Бүгінде қазақ-қырғыз тек туған-туыс ғана емес, болашақтың бағытын бірге бағдарлап, бір мақсатқа қол созған мүдделес екі мемлекет. Екі халықтың арасындағы қарым-қатынастар – саяси, экономикалық сауда және руханият саласында болсын – өте жоғары деңгейде дамуда. Енді, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ісі саясат сахнасындағы жаңа кейіпкер Сооронбай Жээнбековке артылған сенім. Демек, мемлекет басшысы ішкі тұрақтылық пен басқа мемлекеттермен сыртқы байланысты реттеу мәселесінде ...
Толығырақ »БАУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барды. Өңір басшысы алдымен Жемісті ауылдық округіндегі «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-де болып, шаруашылықтың қарқынды бауын аралап көрді. 2009 жылы құрылған серіктестік 2015 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде қожалық иелігіндегі 36 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алмай бау егілген. Мұнда алманың Жерси Мак, Жанжир Голд, Вилямс Прайд, Гала, Голден ...
Толығырақ »ҚАЗАҚ РОМАНСИАДАСЫНА 20 ЖЫЛ
Түстік өңірден бастау алған Қазақ романсиадасы байқауына биыл 20 жыл толып отыр. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков байқау қонақтары мен қазылар алқасы мүшелерімен кездесіп, мерейлі мерекемен құттықтады. Кездесуде сөз алған Ұласбек Сәдібекұлы байқаудың 20 жылдық ғұмырына баға беріп, романсиадаға атсалып жүрген шығармашылық ұжымдарға табыс тіледі. Облыс әкімінің орынбасары кездесу барысында байқаудың мерейтойына орай қазылар ...
Толығырақ »ОҚО АССАМБЛЕЯ КЕҢЕСІ
Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға облысымыздағы бірқатар басқармалардың өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессиялардың жетекшілері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруда ассамблея алдында тұрған жұмыстар сараланды. «Облыстық ...
Толығырақ »24 МЫҢ ТОННА ЖЕМІС ЖИНАДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазығұрттық шаруалар жемістің әр гектарынан 20 тонна өнім алды. Бұл туралы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған пресс-тур барысында айтты. Оның айтуынша, ауданда жалпы көп жылдық екпелер 2300-ден астам гектарды құрайды, оның ішінде 600 гектарға жуығы жүзім болып отыр. Ал биылғы жылы өнім берген 1200 гектар жеміс ағаштарынан орташа есеппен 24 мың тонна ...
Толығырақ »АРТЫҚ САЛМАҚТАН ЗАРДАП ШЕГЕДІ
Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ тағамтану академиясының нутрициолог маманы А.Чуенбекова мен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы А.Иманалина баяндады. «Қазақтың жаңа табағы» ұранымен дұрыс тамақтануды насихаттаушылар отандастарымызды майсыз етті тұтынуға, қорегіміздің құрамындағы қант мөлшерін шектеуге шақырып, көкөністер мен жеміс-жидектердің үлесін арттыруға үндеді. Елімізде салауатты өмір салты орталығының ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ
Келер жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек форматы өзгереді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері осынау жаңалықты халыққа түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Қазірдің өзінде Сайрам, Төлеби аудандарының салаға жауапты қызметкерлері оқыту семинарынан өткен. Енді олар атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің өзгерістерін халыққа жан-жақты түсіндіріп беретін болады. Жаңаша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы басты мақсат — халықты жалқаулықтан арылтып, жәрдемге ...
Толығырақ »КӨШ БАСТАДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы кооператив құру бойынша республикада көш бастады. Қазірдің өзінде өңірде кооператив саны 158-ге жетті. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бринфингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Биыл облысымызда агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп отыр. Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында өңір шаруалары 376,5 млрд. теңгенің ...
Толығырақ »МОДУЛЬДІ СҮТ ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТІ
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында мал сою, сүт қабылдау бекеттері мен қарқынды бау өсіру және жеміс жидек қабылдау бекеттері сынды жалпы 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған. Оның 19 өткен жылы құрылса, ал биыл 21 кооператив құрылған. Бүгін аталған кооперативтердің жұмысымен БАҚ өкілдері облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде танысып қайтты. Сондай кооперативтердің бірі Шарапхана ауылдық округіне қарасты Махамбет ...
Толығырақ »«ЖАНАРСЫЗ ДА ӨМІРІМ ЖАЛҒАСАДЫ…»
Ордабасы ауданында Қазақ зағиптар қоғамына 80 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков ашып, жанарынан айырылса да, қайсарлығымен, өмірге құштарлығымен өзгелерге үлгі болып жүрген азаматтарға сый-сияпат табыс етті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Досова мемлекет тарапынан берілетін көмек түрлері мен оларды алу тәртібін түсіндіріп, ілгеріде де аталмыш қоғаммен тығыз байланыста жұмыс ...
Толығырақ »СІБІР ЖАРАСЫ ОШАҒЫН БЕТОНДАУ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы аймағындағы Сібір жарасы ошағы көміндісін бетондау жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 101 млн теңге бөлінді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Батырғали Сопбеков пен облыс әкімі аппаратының құқық бөлімінің бас маманы Мейіркүл Батырбекова өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды. Айта кетейік, Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округі Жартөбе аумағындағы Ақсу өзенінің жағалауында ...
Толығырақ »ТҮЙМЕБАЕВТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТЫҢ ТАРИХ – 05
Тарихи ескерткіштер мен киелі жерлер санынан елімізде көш бастап тұрған Оңтүстік Қазақстан облысына басшылық қызметке келгеніне бір жылдан асқан Жансейіт Түймебаев мемлекет үшін маңызды бағдарлама аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында ой толғайды: «Біріншіден, латын әліпбиі бізге қолайлы болуы керек. Екіншіден, сол әліпбидің негізінде түркі халықтарының көпшілігі латын әліпбиіне көшкен. Латын графикасы арқылы сол халықтармен де бірдейлестіруге, жақындасуға қол жеткізе аламыз. ...
Толығырақ »ТҮЙМЕБАЕВТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТЫҢ ТАРИХ – 04
2022 жылға дейін бюджеттен 16,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысына басшылық қызметке келгеніне бір жылдан асқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мемлекет үшін маңызды бағдарлама аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында ой толғайды: «Шынында, тарихи жерлермен қоса, Елбасымыздың айтқаны киелі жерлер, әулие жерлер Оңтүстікте көп. Олардың барлығы тізімге алынды. Жағдай жасалады, көпшілігінде жаңғырту жұмыстары басталып та кеткен. Мысалы, Бәйдібек ауданындағы ...
Толығырақ »ТҮЙМЕБАЕВТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТЫҢ ТАРИХ – 03
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағытында дайындалған 95 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысына басшылық қызметке келгеніне бір жылдан асқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мемлекет үшін маңызды бағдарлама аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында ой толғайды: «Шымкентте ортағасырлық қалалар көп болғаны белгілі. Солардың барлығының бір орталығын жасап, көпшілікке арнайы көрсету үшін жағдай жасау қажет деп ойлаймын. Осыған байланысты ортағысырлық қалалардың тізімі жасалып жатыр. ...
Толығырақ »ТҮЙМЕБАЕВТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТЫҢ ТАРИХ – 02
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық сананы жетілдірудің 6 бағытын жүзеге асыру аясында 428 түрлі жоспарлы іс-шаралар жүргізілуде. Оңтүстік Қазақстан облысына басшылық қызметке келгеніне бір жылдан асқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мемлекет үшін маңызды бағдарлама аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында ой толғайды: ««Туған жер, туған ел» дегенде біз шынымен ішкі туризм мәселесіне де үлкен көңіл бөлуге тиіспіз. Әрине, атқарылып жатқан ...
Толығырақ »ТҮЙМЕБАЕВТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТЫҢ ТАРИХ – 01
Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштер мен киелі жерлер санынан елімізде көш бастап тұр. Оңтүстік Қазақстан облысына басшылық қызметке келгеніне бір жылдан асқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мемлекет үшін маңызды бағдарлама аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында ой толғайды: «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы алдағы он жылдыққа емес, жүз жылдыққа арналған мақала болып отыр. Онда бүкіл қазақ халқының болмыс бітімі, халық ...
Толығырақ »335 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау сияқты жұмыс күші артық облыстардан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай сынды еңбек қолы тапшы өңірлерге 1324 адам қоныс аударды. Осылайша, жұмыс іздеген 335 отбасы оңтүстік өлкелерден солтүстік аймақтарға ерікті түрде көш түзеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жаңа мекенге қоныстанған еңбекке қабілетті азаматтар тұрақты жұмыс орындарына ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ
Жыл басынан бері 630 мыңнан астам қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілді. Ағымдағы жылдың 9 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 115,7 млрд теңге көлемінде төлем жасады. 140,8 мың азамат жүктілік пен босануға, бала асырап алуға байланысты әлеуметтік жәрдемақы алды. Мұндағы төлемнің жалпы сомасы 48 млрд теңгені құрап, орташа есептегенде бұл қаржы әр адамға 333 мың теңгеден келді. Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында кадастрлық құны 603 814 600 теңгені құрайтын 364,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған жер учаскелеріне жүргізілген тексеру жұмыстарының арқасында қол жеткізіліп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Алтынбек Мырзаев мәлім етті. Ағымдағы жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік, құқық қорғау және жергілікті органдарынан 4708 ...
Толығырақ »АТАМБАЕВ ӘБЕСТІК ЖАСАДЫ – 02
ОҚО қоғамдық бірлестіктері Қырғыз мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан туралы айтқан пікірін орынсыз айыптау деп есептейді. Екі ел арасындағы ажырамас бауырластықты алға тарқан бірқатар ұйым басшыларының ойы бір жерден шыққандай. «Қырғыз-қазақтың» арасын айырғысы келетіндердің бұл пиғылдағы әрекеті жүзеге аспады деп айтуда. ОҚО «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахытжан ӘШІРБАЕВ : – Қырғыз басшысының бір мәлімдемесі мәңгілік достығымызды айыра қоймас. Оған ...
Толығырақ »БАЙЛАНЫСТЫҢ ҚАНАТ ЖАЙҒАН ҚҰРАЛЫ
ОҚО үкіметтік емес ұйымдары жаңа латын әліпбиінің нұсқасына қатысты ойын білдірді. ОҚО «Азаматтық альянсы» ассоциациясының ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиінің жаңа үлгісін талқылады. Кездесуге «Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» мүшелері қатысты. ОҚО 45 қоғамдық бірлестік пен 28 бизнес құрылымдардың басын біріктіретін «Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі де латын әліпбиінің жаңа үлгісіне қатысты ...
Толығырақ »КЕЛЕШЕК ҮШІН МАҢЫЗДЫ
ОҚО үкіметтік емес ұйымдары жаңа латын әліпбиінің нұсқасына қатысты ойын білдірді. ОҚО «Азаматтық альянсы» ассоциациясының ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиінің жаңа үлгісін талқылады. Кездесуге «Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» мүшелері қатысты. «ОҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің президенті Шәріпбек ЖАМАЛБЕК: – Біздің қауымдастықтың мүшелері латын әліпбиіне көшуді ғаламдық ғылым мен білімге жетелейтін нақты қадамы ...
Толығырақ »АТАМБАЕВ ӘБЕСТІК ЖАСАДЫ – 01
ОҚО жастары Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. ОҚО Жастар ресурстық орталығының басшысы, Дүйсебеков Береке Талғатұлы: – Елдегі халық пен билік арасында қызу талқыға түсіп жатқан жағдайға қатысты алаңдауға себеп жоқ деп ойлаймын. Желтоқсан айында өтетін Қырғыстан президенттік сайлауында өз кандидатының жеңіліп қалуы мүмкін екенін сезген Атамбаев көрші мемлекеттің ішкі ісіне араласып, тұтас ел мен оның басшысына негізсіз айып тағып, ...
Толығырақ »