«Шымкент қаласын қысқы маусымға дайындық жұмыстарын толық қадағалауда ұстау керек. Сондай-ақ, төтенше жағдайларды алдын алуға мән берген жөн. Өздеріңізге мәлім, биылғы жылы 8 қаңтарда газ жүйесі ақауынан жарылыс болғанын. Ал енді қыс алдымызда келе жатыр, осыған орай басқарма және әкімшілік бірлесіп автоматты жылыту жүйелері орнатылған тұрғын үйлерге түгендеу жұмысын жүргізсін. Екіншіден, газ құралдарының қауіпсіздігін тексеретін техникалық инспекция құрылуы тиіс», – деді әкім.
Халықтың қауіпсіздігі басты назарда болу керек екенін айтқан аймақ басшысы әрбір басшы өз функционалды қызметтерін дұрыс атқару талап етілетінін жеткізді.
Одан бөлек, әкім Сарыағаш, Мақтарал, Төлеби аудандарында бірқатар мектептердің жылу жүйесі газға ауыспағанын айтып. Бұл бойынша аудан, қала әкімдіктерінде арнайы комиссия құрылып, жұмыстың орындалуын бақылауды тапсырды.
Айта кетейік, облыста жылу беру маусымына дайындық жұмыстары сәуір айынан басталған. Аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың мәліметіне сәйкес, барлық дайындық жұмыстары 100 пайыз орындалып отыр.
Көмір бағасын тұрақтандыру бойынша басқарма тарапынан көмір жеткізуші мекемелермен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде сатылу бағасын Майкөбе көмірінің 1 тоннасын 12500 теңгеге, ал Шұбаркөл көмірін 13 мың теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізіліп отыр.