Қырғыз Республикасындағы алда келе жатқан сайлаудан соң, саяси ахуал дұрыс арнаға бұрылатынына сенім мол. Себебі де жоқ емес. Саяси мансабында Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның премьер-министрі лауазымын ғана емес, сонымен бірге Ош облысының әкімі болған. Қырғызстан Президенті билікке келгеннен кейін: «Біз ынтымақтастықта жұмыс жасайтын барлық мемлекеттерді және барлық мемлекеттердің президенттерін құрметтейміз! Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз», – деген болатын. Оның айқын дәлелі ретінде жақында ғана екі ел үкімет басшыларының келіссөзін айтуға болады. Бұл басқосу қазақ-қырғыз қатынасына сызат түсіргісі келген бәзбір азаматтарға, қоғамда тарап кеткен қаңқу бос сөзге нүкте қойғандай болды. Нәтижесінде, шекара мәселесі оң шешімін тапты. Енді, екі ел бәз баяғы сауда, транспорт, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау салаларындағы өзара іс-қимылды еш кедергісіз жалғастыра алатын болды. Келелі басқосудан екі мемлекеттің азаматтары да осы оң нәтижені күткен болатын. Үміт ақталды. Бұған да құдайға шүкір дегіміз келеді.
Дінмұхамед Сапарұлы,
«ДОС» Қазақстанның жас ғалымдар одағының төрағасы