Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » 95,5 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ – 01

95,5 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ – 01

Оңтүстік Қазақстан облысында 2021 жылға қарай халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылады. Бұл меже 2017-2021 жылдарға арналған облыстың елді мекендерін газдандырудың жоспары негізінде жүзеге асады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы мәлім етті.

«Жалпы облыс халқы жылына 1,1 млрд.м3 табиғи газ тұтынады. Оның 840 млн.м3 қыс маусымында, ал 293 млн.м3 жаз маусымында. Біздің өңір табиғи газбен 3 бағыт арқылы қамтамасыз етіледі. Олар: Өзбекстан Республикасының «Газли-Шымкент» және «БГР-ТБА» магистралды газ құбырлары, отандық «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» магистралды газ құбыры, Түркменстан Республикасының «Қазақстан-Қытай» транзиттік магистралды газ құбырлары», – деді Марғұлан Зұлхарнайұлы.

Одан бөлек, басқарма басшысы Шымкент қаласы аумағында 509 нысан газ құбырларын қорғау аймағы шегін бұзып орналасқандығын жеткізді. Бұл өз кезегінде сол маңда орналасқан ғимараттар мен тұрғындардың өміріне елеулі қауіп туғызып отыр.

Мәжілісте сөз алған облыс әкімі ең бірінші кезекте жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тағы да пысықтап, төтенше жағдайлардың орын алмауына мән беруді жүктеді.

 

Өз тілшімізден

Пікір жазу