Оңтүстік Қазақстан облысының көптеген мектептерінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Елордамызда таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісін таныстыруға бағыт алған ашық сабақтар өтіп, онда қазақ жазуының латын графикасына өтуінің мәні мен маңызы туралы кеңінен мағлұматтар берілді.
Басты мақсаты мектеп оқушыларына, ата-аналарға латын әліпбиінің игерудің оңтайлы жолдарын көрсету еді.
Ашық сабақтарда педагогтер мен танымал филологтер, оқушылар, ата-аналар қатысты.
Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның мұғалімі Марфуға ӘБУТӘЛІПҚЫЗЫ:
Жаңадан ұсынылған латын әліпбиінің апострофтарда берілгені диграфтардан қарағанда жеңіл есте қалатындығы және оқу барысында оңайлығымен бөлісті. Мұның барлығы жалпыхалықтық талқылаудың толымды нәтижесі.
Жиында ең алғаш болып сөз алған «Ақиқат» пікір-сайыс клубының төрағасы Жұман Жансерік Елбасының алдында таныстырылған үлгінің тиімділігі және ыңғайлығына тоқталды.
Еліміздің қайта түлеуіне бағытталған көлемді мақалада айтылған бастамаларды алдағы уақытта жұмыла жүзеге асыруға бел байлаған кітапханашылар, семинардан жігерленген күйде тарқасты.