Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіруді бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін тереңірек түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық».

Н.НАЗАРБАЕВ.

Фото Бәйдібек Аудандық Алғабас Газеті.

Латын қарпіне көшу бүгінгі заман талабы. Келешек ұрпаққа керек қажеттілік.

Айналамыздағы көптеген мемлекеттер латын графикасын қолданады. Түркі мемлекеттерінің бірқатары осы жазу түріне ауысқан.

«Біз үшін латынға ауысыз көптеген артықшылықтар мен мүмкіндіктер әкеледі. Біріншіден әлемдік білім, ғылым, ақпараттық кеңістікпен байланыс орнатамыз. Ақпараттық технология саласындағы бүкіл бағдарламалар латынды қолданады», – дейді зерттеушілер.

Егер латын қарпіне көшсек ағылшынша үйрену жеңілдейді деп отыр тілді зерттеген ғалымдар. Қазір әлемде 1,5 миллиард халық ағалшын тілінде сөйлесе, 1 миллиарды оны оқып жүр екен. Аталған жоба Парламент қабырғасында талқыланды. Осы отырыста айтылған пікірлерден түйгеніміз қазақ тілінің латын қарпіне ауысуы ғылыми негізделген үдеріс болып табылады.

Ауданмыздағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жақында аудан әкімінің арнайы қаулысымен қайта құрылды.

Орталықта әдіскер, қазақ, орыс, ағылшын тілінің оқытушылары жұмыс істейтін болады. Мамандарды қосымша латын қарпіне байланысты қайта оқыту мәселесі тұр. Бұл алдағы кезде өз шешімін табады деп күтілуде. Жалпы алда тұрған шаралар тіл аясында оның ішінде латын қарпіне көшуге байланысты ақпараттық-насихаттық жұмыстармен бірге оқыту, даярлау жүйесімен жүргізілетін болады.

Әзира АДАСБЕКОВА,
Тілдерді оқыту және дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы.

Пікір жазу