Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БАСШЫЛАР ЖАЗАЛАНАДЫ – 02

БАСШЫЛАР ЖАЗАЛАНАДЫ – 02

Мәжілісте 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің атқарылуы туралы сөз алған облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Мүлкеманов облыстық басқармалар бойынша 209,6 млн теңге, ал, аудан, қалаларда 559,4 млн теңге қаржы игерілмей қалғанын мәлімдеді.

«Жалпы жыл басынан бері облыстық құрылыс, энергетика, автомобиль жолдары және кәсіпкерлік басқармалары қаржыландыру жоспарларына 17,1 млрд. теңгеге 25 рет негізсіз өзгерістер енгізген. Егерде қыркүйек айындағы 4,4 млрд теңге кейінгі айларға ауыстырылмаған жағдайда аталған облыстық бюджеттік қаржының игеру деңгейі төмен болар еді. Бүгінгі таңда облыс бюджетінің қаржысы 99,8 пайызға игеріліп отыр», – деді Р.Мүлкеманов.

Баяндамашының мәліметінше, ең ірі көлемде игерілмеген қаржы Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласы және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен дене шынықтыру және спорт басқармаларына тиесілі екен.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы Ж.Түймебаев баяндамадағы дәйектерге сүйене отырып, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне кемшіліктерге жол берген тиісті жауапты орынбасарларына үш күн ішінде тәртіптік шара көріп, нәтижесін баяндауды және аудан, қала әкімдеріне осы жылдың кіріс жоспарын толық орындалуын қамтамасыз етуін тапсырды.

Сондай-ақ, әкім аудан, қала басшыларына  2017 жылғы бюджетте қаралған қаржыларды толық игеріп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізуді, жыл қорытындысымен бұл жұмыстар толық орындалмаған жағдайда бірінші басшыларға қатаң тәртіптік шара көрілетіндігін ескертті.

Өз тілшімізден

Пікір жазу