Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЙТА ӨҢДЕУ ІСІН ЖАНДАНДЫРА

ҚАЙТА ӨҢДЕУ ІСІН ЖАНДАНДЫРА

Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде мұнда сүт өндірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалығы қайта өңдеу саласына мән беріп отыр. Солардың бірі – Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Фирма Сакен» ЖШС-гі. Сүт өндірумен айналысатын серіктестіктің негізі 2000 жылы қаланған. Сарыағаш ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев серіктестіктің қоражайын аралап көріп, жұмысына оң баға берді.

«Сарыағаш ауданында жайылым аз болғандықтан мал басын көбейтуге мүмкіндік аз. Десек те, бұл қиындыққа қарамастан қорасын малға толтырып, сүт өндіру ісіне ден қойған шаруашылықтың қайтап өңдеу ісіне дем беріп отырғаны қуантады. Осы ретте аудан басшылығы шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық жеңілдіктерді дер кезінде көрсетуі қажет», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бүгінде серіктестік қорасында 2642 бас мал басы бар. Оның 595-і ірі қара болса, 2047-сі уақ мал. Қожалық басшысы алдағы уақытта мал басын көбейтіп, сүт өнім түрлерін көптеп өндіруге ден қоймақшы.

«Бүгінде серіктестік иелігінде 1592 гектар жер бар. Жайылым таршылығы әзірге сезіліп отырған жоқ. Жуырда біз заманауи соңғы үлгідегі озық технологияларды орнатудың арқасында сүт және сүт өнімдерін сапалы етіп өндіруге қол жеткізіп отырмыз», – дейді қожалық төрайымы Шаркүл Багазиева.

Озық технолгияны кеңінен қолдана бастаған серіктестікте жылына 720 тонна шамасында сүт өнімдерін дайындайды. Серіктестік бүгінде 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Облыс әкімі аралаған көрген келесі нысан – «База – Servis» ЖШС-нің 2,5 гектар аумақта орналасқан ауылшаруашылық өнімдерін сақтау қоймасы мен көкөніс өнімдерін консервілеу цехы болды. Жалпы құны 1 млрд 200 млн теңгенің құрайтын қоймаға серіктестік 900 млн теңгені жеке қаражаты есебінен шығарса, 300 млн теңгені несие алу негізінде жүзеге асырыпты. Қойманың сыйымдылығы 10 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорынның консервілеу цехы айына 60 мың шыны ыдысқа өнім жабуға қауқарлы. Серіктестікте бүгінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өз тілшімізден

Пікір жазу