Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше (страница 20)

Төтенше

АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұловтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн-брифинг өтті. Абзал Шымкентбайұлының баяндауынша, аудан аумағында қауіпті індеттің алдын алу үшін 8 блок-бекет орнатылған. Блок-бекеттердің жұмысы қатаң бақылауда. Жалпы ауданда карантинде — 49 адам, сондай-ақ 19 орын оқшауланған. Барлық оқшауланған орындарда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. — Аудандағы 24 елдімекенде ...

Толығырақ »

СӘБИІМЕН БІРГЕ АМАН

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйел мен ішіндегі шаранасын сақтап қалу үшін күрделі ота жасады. Ота №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өткен. №1 қалалық клиникалық ауруханасының хирургы Сәбит Байтеміровтың жетекшілігімен 28-апталық жүктіліктегі әйелге ота жасалған. Операция барысында хирургтар жүкті келіншектің ішіндегі бір уыс құртты хирургиялық жолмен алып шықты. Медицина мамандары күрделі отаны үш сағаттан аса жасаған. Ғажайыптың күшімен аман қалған азаматша қазір ...

Толығырақ »

БАНКТЕР МЕН ЛОМБАРДТАР ҚАЛАЙ АЛДАЙДЫ?

Елдегі төтенше жағдай бәрімізді шеттерімізден әбіржітіп жіберді – үйреншікті өмір салты бұзылып, үйде отыруға мәжбүр болып, табысымыздан айырылып, ертеңгі күнімізге деген үміттеріміз сөніп бара жатыр. Десек те, біздің бұл күйге түскенімізді пайдаланып, онсыз да қиын күндерді бастан кешіріп отырған біздің үстімізден пайда тауып отырған банктер мен ломбардтардың тірлігіне қалай қайран қалмайсыз! Мәселен, Еуразиялық банкті алайық… Төленіп жатқан несиені үш айға ...

Толығырақ »

РИНГКЕ ҚАЙТА ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ

Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон қайырымдылық жекпе-жегі үшін рингке қайта оралғысы келеді, деп жазады sputniknews.kz. «Мен қазір жаттығып жатырмын, рингке қайта шыққым келеді. Бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлағандықтан, спорттық дайындықты қолға алдым. Төрт раундтық қайырымдылық жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік беретін бабымда болуды қалаймын. Ақша тауып үйсіздер мен есірткі тәуелділігіне ұшырағандарға көмектескім келеді», – дейді боксшы. Темір Майк рингке соңғы рет 2005 жылы ...

Толығырақ »

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Оны дезинфекциялық орталық атқаруда. Мегаполистегі 15 тұрғын алапқа қарасты 6 250 000 мың шаршы метр жер дәріленеді. Залалсыздандыру жұмыстары 7 сәуірден басталған. Қазірге дейін мамандар Еңбекші ауданына қарасты 467 641 шаршы метр аумақты толықтай тозаңдатып шыққан. «Еңбекші ауданы бойынша «Жыланбұзған», «Бадам-1», «Бадам-2», «Тұрдабат», және «Жұлдыз» тұрғын алаптарын дәрілеу жұмыстары аяқталды», дейді Еңбекші ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Сауығып шыққан азаматтың үшеуі бір отбасының мүшелері. Олар 1996 ж., 1994 ж. және 1970 жылғы қала тұрғындары. Бұл отбасының мүшелерінен дәрігерлер 4-ші сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Үш аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастардың жағдайы жақсы дейді мамандар. Сондай-ақ дертінен сауыққан тағы бір азаматша 1964 жылғы қала тұрғыны. Бұл науқастан дәрігерлер 8-сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Төрт азамат та вирусқа ...

Толығырақ »

13 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырған екі азамат ТЖД қызметкерлері. Олар 1963 ж., 1993 жылғы. Қалған 11 азамат — 1973 ж.,1988 ж., 1989 ж., 1973 ж., 1999 ж.,1985 ж., 1984 ж., 1970 ж., 1994 ж., 1967 ж., 1946 жылғы қала тұрғындары. Олар мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған азаматпен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕР ҚЫЗДАР ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ

Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты Әлия Ортай бастаған бір топ жас кәсіпкер қыздар карантинде отырған көпқабатты біздің үйдің әлеуметтік аз қамтылған бес отбасына арнайы азық-түлік алып келіп, қасиетті ораза айында мол сауапқа кенелді. Жалпы біздің үй тұрғындары арасында аз қамтылған отбасылар саны қырықтан асып жығылады. Олардың арасында жалғызілікті аналар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, табысы төмен отбасылар бар. Басым көпшілігі бұл ...

Толығырақ »

БЛОКБЕКЕТТЕР 24/7 РЕЖИМІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Іле-шала қаламызда коронавирус пандемиясының алдын алу бағытында арнайы штаб құрылды. Ал 18 наурызда құрамында бірнеше тәжірибелі медицина, полиция және әскери қызметкер бар үш блок-бекет жұмысын қызу бастап кетті. Олар шаһардан шығатын және кіретін үш «ыстық нүкте»: Арыс – Шымкент, Арыс – Сарыағаш ...

Толығырақ »

АДАМДАРҒА ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Абай ауданының Полиция басқармасы №5 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары М. Әбдірахманов пен Б. Ирисбеков аумақтарында патрульдеу кезінде адамдарға шабуыл жасаған қабаған итті ұстады. 24 сәуір күні сағат 15:30 шамасында Шымкент қаласы ПД-нің жедел басқару орталығына “Қазығұрт” шағын ауданындағы “Жандос” аялдамасының жанында адамдарға қабаған иттің шабуылдағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер дереу оларды құтқарып алуға тырысты. Полиция қызметкерлерінің ...

Толығырақ »

ЖҰҚТЫРҒАНДАР ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат (25.04.2020 жылғы сағат 11:00 — дағы мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1996,1993,1967 жылы туған азаматтар мен 1991,1966 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен ...

Толығырақ »

2 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары: 1966 ж.,1984 жылғы. 1966 жылғы азаматша, мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған 1947 жылғы азаматшамен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

Қасиетті Рамазан айының басталуымен баршаңызды құттықтаймыз! Ізгілік пен мейірімге толы айда ұстаған оразаларыңыз, игі амалдарыңыз бен құлшылықтарыңыз қабыл болсын! Жаратқаннан баршаңызға қуаныш, отбасыла­рыңызға береке-бірлік, Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық тілейміз! Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы

Толығырақ »

САУДАГЕРЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 7 базар мен 2000-нан астам сауда нысандары шаһар тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, карантиндік режимде жұмыс істеуде. Сатып алушылар мен сатушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік басқармасы тиісті сала өкілдерімен бірлесе отырып, түсіндірме, бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда супермаркет, дүкендерде күніне бірнеше реттен дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, санитарлық құралдар орнатылған. Келушілерге бетперде талап етіліп, нысанға кірмес ...

Толығырақ »

БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласының бас имамы қызметіне Бақдаулет Нұрматұлы Абдурахманов тағайындалды. Шымкент қаласына арнайы келген ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек қажы Есмағанбет бұған дейін елордадағы «Нұр-Астана» мешітінде абыройлы қызмет атқарған Шымкент қаласының жаңа бас имамын таныстырып, алдағы атқарар қызметіне сәттілік тіледі. Ал Бақтыбай қажы Бейсенбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен басқа қызметке ауысты. Қаланың бас имамы қызметіне кіріскен Б.Абдурахманов ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді. – Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар ...

Толығырақ »

ТОЛЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Еңбекші ауданы аумағындағы «Фиркан», «Магнум», «Грамад» сынды ірі сауда орындары мен «Айна», «Көктем», «Исатай» базарларының аумағы толық залалсыздандырылды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк банкоматтарының іргелес жатқан аумақтарына да дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Оған №35748 әскери бөлімінің 100 сарбазы және 10 техника жұмылдырылды. Айта кетейік, Шымкент қаласында Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Дезинфекциялық шаралар күн сайын ...

Толығырақ »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пресс-тур өтті. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың баяндауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған. — Қазіргі таңда аудан аумағында індет ошағы анықталған 12 орын карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар азық-түлікпен, басқа ...

Толығырақ »

КЕДЕРГІСІЗ КІРГІЗУДЕ

Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Тіпті әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде. Өйткені қала әкімі М.Әйтенов төтенше жағдай кезінде халықтың қажеттелігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қаулы бекітіп, көрші аудандардан диқандардың қалаға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасады. Оған қоса шаруаларға қаладағы «Қазыбек» базарынан арнайы орын бөлдіріп берді. Сөйтіп диқандар жылыжайдан жинаған өнімдерін ...

Толығырақ »

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басұышы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады. Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне ...

Толығырақ »

ЕРНАР АЙДАР КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗДЫ

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп жазады zakon.kz. Әнші мен тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын ұйымдастырған. Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады. Негізгі іс осы бөлімнің өндірісіне алынған. Полиция өз құзіретіне сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР ККАП-тің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, — деп ...

Толығырақ »

АРЗАН БАҒАДА АЛА АЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарына азық-түлікті, көкөністерді «Өндірушіден тұтынушыға» принципімен қолжетімді ...

Толығырақ »

АТАКЕНТТІК ЕРІКТІ ЖАСТАР ТҮСКІ АС ТАРАТТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлем халықтарының үрейін туғызып отырған covid19 індетіне қарсы күрес жұмыстары жер-жерлерде қатаң қолға алынған. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бүгінде 8 блок-бекет тұрақты түрде жұмыс істеуде. Онда жолаушыларды әлемде орын алған қауіпті дерттен сақтандыру, алдын алу мақсатында тексеріп, жұмыс жасап жатқан ішкі істер органдары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ...

Толығырақ »

ТАҒЫ ДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Дәл қазіргі сәт — баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік. Барлығымыз ауылда туып, шаңына аунап өстік. Бүгінде #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан #Ауылым_алтын_тұғырым ...

Толығырақ »

БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қазір біздің қалыпты өмір сүру қағидаларымызға бірнеше шектеулер қойылды. Соның ең үлкені әрі қоғам үшін, өзіміз үшін аса маңыздысы – үйде болу. Әрине, тіршілігін қоршаған ортамен байланыстырған біз үшін бұл оңайға соғып жатқан жоқ. Әсіресе, үйдегі кішкентай ұл-қыздарымызға қиын соғуда. Алайда бұл біздің болашағымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған жағдай. Осындай кезеңде үй ішінде, ...

Толығырақ »