Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 14 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

14 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Жетісайлық кәсіпкер Бәйдібек ауданына 14 тонна қырыққабат тегін берді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Елбасы «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың қалыптасқан жағдайдан шығу үшін республикалық #Bizbirgemiz акциясы кеңінен аудан көлемінде жүріп жатыр. Күні кеше Жетісай ауданының жеке кәсіпкері Көбейбек Әлиев елімізде төтенше жағдай орын алып жатқан кезде облыс тұрғындарына 120 мың тонна қырыққабатты тегін тарататындығын айтқан болатын. Осы кәсіпкердің  шақыруына «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы арнайы барып, 14 тонна қырыққабат өнімін алып келді.
Бүгін аудан әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы әкелінген өнімді бөліп, 11 ауылдық округіне таратылуда. Бұл өнімдер бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларына берілетін болады.
Сонымен қатар, ауданнан шыққан кәсіпкер азаматтар, мәслихат депуттары, жекелеген тұлғалар да акцияға өз үлестерін қосуда. Бүгінгі таңда ауданда 462 отбасына азық -түлік, гигиеналық заттар таратылды. Бұл жұмыс алдағы кезде де жалғасын табатын болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу