Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше (страница 8)

Төтенше

ӘРУАҚ ТЕПКЕН ЖОҚ ПА ЕКЕН БІЗДІ ОСЫ?

Бұл тақырыпты қозғау – өте ауыр: түсінетін бар, түсінбей лағып кететін бар. Мәселен, Шымкенттегі балалар темір жолын бұзуға аса мүдделі екенін байқатқан қаланың бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты әлеуметтік желі арқылы тоқтатпақ ниетте болып, «АСҚАРОВТЫҢ ӘРУАҒЫ ҰРЫП КЕТПЕСІН!» деп, талай дабыл қақтық. Сол кездегі қала әкіміне жағымпаздық жасағысы келді ме, әлде шынымен де халықтың мұң-мұқтажына қырын қарады ма – ол жағы ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына жасаған сапары барысында Атакент ауылында волонтерлармен кездесіп, жастарға осындай қиын кезеңде елмен бірге болып, өз еріктерімен жанкешті еңбек етіп жүргендері үшін алғысын білдірді, деп жазады «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Өткен жылы 700-ден астам жасотандық бірнеше ай бойы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысқан ...

Толығырақ »

БАЙБЕК МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Мырзакент ауылында бой көтерген жаңа ықшам ауданның болашақ қоныс иелерімен кездесіп, Елбасының ақ тілегі мен сәлемін жеткізді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Елбасының тапсырмасымен осында келіп отырмын. Ертең оны баяндайтын боламын. Қай күйде екендеріңізді жақсы түсінемін. Аяқ астынан болған жағдай, аз уақыттың ...

Толығырақ »

БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына арнайы келіп, апат ауқымын өз көзімен көріп шықты. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Сапар барысында ол көршілес Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Мұнда ...

Толығырақ »

10 ОТБАСЫН ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛТТІ

Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қолға алған «Біз біргеміз» акциясы өз жалғасын табуда. Бүгін аталған акция сансыз бабтар мекені Сайрам ауданында жалғасып, 10 отбасын қуанышқа кенелтті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері аудан орталығындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға барып, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын берді. — Елдегі төтенше жағдайды ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ РЕТТЕЛУДЕ

Түркістан облысы ПД көші — қон және әкімшілік полиция қызметкерлері су басқан кезде жоғалған Мақтаарал ауданы тұрғындарының құжаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады ТО Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған        © DIDARBEK.kz. Осы мақсатта Мақтаарал АПБ-нің көші-қон қызметінің қызметкерлері 500-ден астам тұрғын эвакуацияланған мектептердің біріне барды. Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында бірнеше құжат жоғалту жайттарын анықтады, оның ішінде ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы нөсер жауынның салдарынан орын алған төтенше жағдай туралы ақпарат. 2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағатта Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үй аулаларына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде (2 үй, 1 емхана, 1 ...

Толығырақ »

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

2020 жылғы 13 мамыр күні 20:00 сағат шамасында Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекеніндегі жауын-шашын салдарынан Тұтарық каналы 4 жерінен бұзылып, ауылды су басқан, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оқиға орнына аудан әкімі Е.Шәріпбеков пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері барып, ауылға кірген суды өзен арнасына бұрып, түсірді. Тұрғындардың дені Ақбастау ауылындағы ...

Толығырақ »

ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА

13.05.2020ж. сағат 21.45 шамаларында, Төлеби ауданы, Киелітас а/о, Сұлтан-Рабат ауылы, Сауран көшесінде және Достық елдімекені Жылқыбаев көшесінде аудан аумағында жауған нөсерлі жаңбырдың суы жалпы жиыны 77 тұрғын үйдің ауласына кіргені туралы хабарлама түскен. Тұрғындар Ленгер қаласындағы N8 колледжге жайғастырылып, тиісті заттармен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Көксәйек а/о, N9 колледжде эвакуациялық бөлімше әзірленген. Оқиға орнында жергілікті әкімдік пен ТЖД қызметкерлері жұмыс ...

Толығырақ »

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданына қарасты төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері рейдттік іс-шарасын өткізді. Қаладағы өртке жол бермейтін минералды жолақтардың жай-күйін тексеруден өткізді. Себебі, ауа-райының ыстық температурасы өрт деңгейінің жоғарылауына алып келеді. Сондықтан жүріп жатқан жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталуы тиіс, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жазғы мезгіл өрт үшін қауіпті кезең. Сол себепті, қала аумағындағы барша егістіктерде, орман, жылыжайларда және ...

Толығырақ »

В ЭФИРЕ О ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

В эфире передачи «Пора вставать» на телеканале «Отырар» выступил заместитель начальника пожарной части №3 города Шымкента капитан гражданской защиты Письменский Роман. Он рассказал об ежедневной деятельности пожарных — спасателей, о мерах пожарной безопасности в летний пожароопасной период, а также об алгоритме действия при возникновении ЧС. Также молодой специалист рассказал, как правильно пользоваться первичными средствами пожаротушения. Кроме того капитан гражданской защиты ...

Толығырақ »

120 ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан орталық қоймада 608 тонна азық-түлік жиналған. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға бүгінде оның 126 тоннасы үлестірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қоймаға күнделікті Қазақстанның әр өңірінен гуманитарлық көмектер келуде. Қазіргі таңда қоймада 200 тоннаға жуық ұн, 22 тонна ет, 70 тоннадай көкөніс, сондай-ақ, көрпе-төсек пен киім-кешектер бар. Бұдан бөлек, ...

Толығырақ »

114 НАУҚАС ЖАЗЫЛДЫ

13 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында тағы 2 науқас коронавирус инфекциясынан жазылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атакент кентінің 1992 жылғы тұрғыны жүк көлігінің жүргізушісі. 26-шы сәуір күні Қазан қаласынан оралған. Айтуынша, Қазан қаласынан Атакентке дейін жалғыз өзі келген. Дәл сол күні дереу Атакенттегі обсервациялық орталыққа жатқызылып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдама қорытындылары оның COVID-19 ...

Толығырақ »

БІРІНШІ ОРЫНДА — ҚАУІПСІЗДІК

«НарТВ » телеарнасының «Ашық әнгіме «бағдарламасында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов қатысып, тиісті сұрақтар бойынша сұхбат берді. Мамыр айында шаруа қожалықтары көктемгі егіс науқанын белсенді жүргізуде. Бірақ бұл жағдайда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамайды. Бұл ауыл шаруашылығы алқаптарының, орман-дала және саяжай алқаптарының жануына әкелуі мүмкін. Осындай фактілерді болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіледі: саяжай ...

Толығырақ »

ОРМАН-ДАЛА ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде өртті болдырмау үшін шаруа қожалықтарында үгіт — алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Б. Расулов Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шымкент қаласындағы А. Асқаров атындағы дендросаябағында болды. Өрт қауіпті кезеңде өрттерді болдырмау мақсатында минералданған жолақтар жүргізу қажет. Осы мәселе ...

Толығырақ »

ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАҒАН НЫСАНДАР

Шымкент қаласында 11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше шағын және орта бизнес нысандары мен қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық көліктер мен сауда базарлары жұмысын қайта бастады. Олар: — Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтық объектілер: сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б. — Өнеркәсіптік аумақтар, әуежай, аулалық балалар алаңдары және басқа да объектілер санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып; — ...

Толығырақ »

180 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 16 жүк көлігімен 180 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Ал кеше Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, 8 жүк көлігіне тиелген 98 тонна азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа тұрмыстық заттар жөнелтілген болатын. Көмек керуені жолға шығар алдында ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ақжол тілеп, қайырымдылық көмекке атсалысқан ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА 260 ТОННАЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті. Көмек керуеніндегі азық-түлік пен гигиеналық заттар облыстық штабтың Атакенттегі орталықтандырылған қоймасына, құрылыс материалдары Мырзакент кентіндегі құрылыс базасына түсірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Көмек керуенін Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕРІКТІЛЕР

2020 жылы 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба су қоймасындағы дамбаның бір бөлігін су шайып кетуінің салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы шекара маңына жақын бірнеше ауыл су астында қалып, өңірде төтенше жағдай жарияланды. Алғашқы күндері 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланса, нақты 5 елді мекен (Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары) толығымен су астында қалған болатын. Техногендік ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ СОЗЫЛАДЫ

Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды. Бұл ретте бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифингте мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атап айтқанда, көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елдімекендер арасында қатынауға қойылған шектеу күшінде қалады. Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жұмысын ...

Толығырақ »

152 ОҚУШЫ ШИПАЖАЙҒА АТТАНДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Бұл игілікті іске Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оқушыларды шипажайға апару ісі Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта ...

Толығырақ »

АТАКЕНТТІК ЖОМАРТ ЖАН

Мақтаарал ауданында 2 мамыр күні орын алған төтенше жағдай кезінде топан су астында қалған ауыл тұрғындарына алғаш болып қол ұшын созған азаматтың кім екенін білесіз бе? Ол – атакенттік жеке кәсіпкер Нұржан Тоқжігітов. Қашанда елге қайырымдылығымен танылып жүрген Нұржан Ермаханбетұлы топан судан дүрлігіп, Атакент кентіндегі №5 Мақтаарал мектеп-гимназиясына эвакуацияланған 540 тұрғынды бір тәулік бойы таңғы, түскі, кешкі ас-ауқатпен қамтамасыз етті. ...

Толығырақ »

ДҮНГЕН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨМЕГІ КЕЛДІ

Бүгін Мақтаарал ауданына Жамбыл облысы, Қордай ауданынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл қайырымдылық керуенін Қордай ауданы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 5 млн. теңгенің гуманитарлық көмегі төтенше жағдай жөніндегі штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Оны еріктілер мен жауапты азаматтар қабылдап алды. ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ ӘЛІ ДЕ САҚТАЛАДЫ

Карантин режимі әлі де сақталады. Оның талаптарын бәріміз сақтауға міндеттіміз. Карантин шектеулері әр өңірдің жағдайына байланысты жеке қаралып, оны жеңілдету туралы шешім кезең-кезеңімен шығарылып отырады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің алаңында өткен Төтенше жағдай режимінің аяқталуы туралы онлайн-брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті. «Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2020 жылғы 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдай режимін тоқтатқанын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен Түркістан облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылу күні кейінге шегерілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), ашылғаннан кейін де қызметтерді жаңа форматта көрсете бастайды. ХҚКО электрондық қызметтерді көрсетпейді, тек қана дәстүрлі қызметтер (қағаз жүзіндегі қызметтер /яғни/ жеке куәліктермен төлқұжаттарды ауыстыру, беру, жер учаскелерін рәсімдеу және жылжымайтын ...

Толығырақ »