«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Мырзакент ауылында бой көтерген жаңа ықшам ауданның болашақ қоныс иелерімен кездесіп, Елбасының ақ тілегі мен сәлемін жеткізді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
«Елбасының тапсырмасымен осында келіп отырмын. Ертең оны баяндайтын боламын. Қай күйде екендеріңізді жақсы түсінемін. Аяқ астынан болған жағдай, аз уақыттың ішінде. Өмірзақ Естайұлы өзі Арыста болды, басқа да қиын жағдайларда. Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласы салынып жатыр. Ең тәжірибелі әкімдердің бірі. Сіздер жалғыз қалмайсыздар. «Нұр Отан» халықтың партиясы болғандыктан, біз сіздермен біргеміз», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Елбасының сәлемін естіген мақтааралдықтар бір марқайып қалды. Алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Сонымен қатар, сапар барысында Бауыржан Байбек Түркістан облысының әкімімен бірге жедел штаб отырысын өткізді. Мұнда бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде инфрақұрылымдарды сапалы түрде қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қолдау көрсету және тағы да басқа мәселелер талқыланды.
© DIDARBEK.kz