Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы нөсер жауынның салдарынан орын алған төтенше жағдай туралы ақпарат.

2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағатта Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үй аулаларына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде (2 үй, 1 емхана, 1 дәріхана, 2 қоражайдың аулаларына су кіргені), Жігерген ауыл округі бойынша (30 үй, 4 қора), С.Рақымов ауыл округі Қызылата елді мекенінде (4 үй, 1 мешіт) аулаларына су кіргені анықталды.
С.Рақымов ауыл округіндегі Көкібел су қоймасының (151,0 мың м3) толуына байланысты Көкібел елді мекеніндегі 27 отбасы Көкібел мектебіне эвакуацияланып, азық-түлікпен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Аталған оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің 30 қызметкері, аудан, ауыл әкімдігінің 15 қызметкері 6-техника және 5 мотопомпамен үй аулаларынан су шығару жұмыстарын жүргізуде.

© Түркістан облысы өңірлік
коммуникация қызметі

Пікір жазу