Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 104)

Ауыл жаңалықтары

БӘЙДІБЕКТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРТ НЫСАНДАРЫ САЛЫНУДА

Бүгінде Шаян ауылында жеке инвесторлар жалпы құны 1,3 млрд. теңгеге жабық теннис корты, жүзу бассейні, және спорт алаңшаларының құрылысын бастап кетті. Бұл нысанмен бүгін Бәйдібек ауданына арнайы баспасөз-турымен барған БАҚ өкілдері танысты. Құрылыс нысандарын түркиялық мердігер компания салып жатыр. Бұл нысандар биыл пайдалануға берілмек. Теннис корты сапалы төсенішпен жабдықталған. Ал, жабық бассейннің ұзындығы 25 метр болса, ені — 11 метр. ...

Толығырақ »

Бәйдібек ауданында үй салам дейтін тұрғындар үшін коммуналдық мәселелер толық шешілген

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 55 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Бүгін ауданға арнайы баспасөз-турымен барған БАҚ өкілдері аудандағы бірқатар жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған жер телімдері Шаян ауылдық округінде кезекте тұрған 326 тұрғынға беріледі. Бұл жер телімдерінде автожол, аяқ жол төселіп, суағарлар мен электр бағаналары және ауыз су ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 5 МЫҢНАН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

Мақтааралда аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен басталған сенбілік жалғасын тапты. Аудандағы әрбір үйге хабарлама беру мен үгіт-насихаттың арқасында барынша ауқымы кеңейген сенбілікке 5 мыңнан аса адам қатысты. Өңір басшысы Б.Асанов тазалық жұмысының барысымен танысу үшін аудан орталығын арнайы аралап көрді. Кенттегі С.Қожанов көшесіндегі бордюрлердің топырағын тегістеу жұмысына қатысып, жұмысшыларға қолғабыс жасады. Сондай-ақ, сенбілік барысында орталық көшелердегі тозған билбордтарды дереу жаңартып, ...

Толығырақ »

Жетісайда республикалық бірыңғай медиация күні аталып өтті

Жетісай ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданған күніне орайластырып, «Республикалық бірыңғай медиация күнін» атап өтті. Акцияға, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, ауданымыздағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заң органдары, аудандық «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», аудандық «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, БАҚ-тың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Айта кетсек, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 55 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА 1 СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Түркістан облысында 2018-2019 жаңа оқу жылында 1 381 балабақша, 907 мектеп және 94 колледж жұмыс істейтін болады. Бұдан өткен жылмен салыстырғанда биыл білім беру нысандары 4-уге артқанын көруге болады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді. Оның сөзінше, өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.  «Ағымдағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСАНДЫ ТАЛШЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан «Полиэтилентерефталат (ПЭТ) қалдығының жасанды талшығы өндірісі» зауытымен танысты. Осы жылдың күз айында толық қуаттылығымен іске қосылатын өндіріс орнының құрылыс жұмысына қаныққан аймақ басшысы мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қолдаулардың тиісті деңгейде атқарылуын тапсырды. Бұдан бөлек, Ж.Түймебаев жаңадан салынып жатқан кәсіпорындарға жаңа цифрлық технологиямен автоматтандырылған басқару жүйелерін кеңінен енгізу қазіргі заманның қажеттілігі екенін ...

Толығырақ »

БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ СУРЕТШІЛЕРІ БІРІГІҢДЕР! 

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының және облыстық Бейнелеу өнері музейінің қолдауымен, Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тау самалы» демалыс аймағында «КАSKASU» халықаралық суретшілерінің плэнері басталды. 5 күндік іс-шара барысында 6 елден келген 26-ға тарта қылқалам шеберлері 100 өнер туындысын жасап шығарады деп күтілуде. Плэнерге Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбе  кстан, Әзірбайжан және Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, ...

Толығырақ »

МУЗЕЙ ТАРИХЫНАН КӨРМЕ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласы,  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кітапхана бөлмесінде «Архив музей хақында» тұрақты көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты — музей архивінде сақтаулы құжаттар мен фотосуреттерді жұртшылыққа насихаттау, әрбір құжат тарихынан ақпарат беру. Шараға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері мен  Ясауидің тарихын зерттеуші, шежіреші түркиялық қонақтар мен  қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДЕ АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысындағы төлебилік шаруалар төрт мың гектарға егілген жаздық бидайды оруды бастады. Жалпы ауданда 14 мың гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан дихандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Ал 6 мыңнан астам гектар жерге егілген арпаның өнім түсімділігі 16 центнер болады деп күтілуде. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың бірі Кемеқалған  ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» ...

Толығырақ »

ҮКАША АТАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Түркістан қаласының Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Серт ауылында орын тепкен Үкаша ата кесенесі мен құдығы исі мұсылман баласына түрлі аңыз-әңгімелер мен қасиеті арқылы мәлім. Жылдың қайсы мезгілі болса да мұнда ағылып келушілердің қарасы қалың. Жылдан-жылға зиярат етушілердің де қатары ұлғайып келеді. Тарихи жерге тек қазақстандықтар ғана емес көптеген шетелдік туристер де ынталы. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейінің құрамына діни-рухани ескерткіш ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңадан қайта құрылған Жетісай ауданының әкімі тағайындалды.  ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметті Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев атқаратын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ж.Қ.Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономы ретінде ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңадан қайта құрылған Мақтаарал ауданының әкімі тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен, сонымен бірге меритократия қағидаты аясында Мақтааралдың әкімі қызметін Бахыт Нәсірханұлы Асанов өз міндетіне алды.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жиында бірінші басшыны аудан активіне таныстырған аймақ басшысы мақталы өлкеде алдағы уақытта атқарылар істің көптігіне тоқталып, шекаралық аудандағы ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгін Түркістан облысының Келес ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметке Ақментай Есбаев кірісті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жаңа әкімді жаңадан құрылған аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін ...

Толығырақ »

Ордабасы ауданының шаруалары сазан балығын өсіре бастады

Түркістан облысына қарасты Ордабасыда сазан балығын өсіру қолға алынды. Ондағы Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер «Сайып ата» шаруа қожалығының төрағасы Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана сазан балығын суға жіберген. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекеннің үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Шаруасы жайменен ілгері басып келе жатқан қожалықта бес ...

Толығырақ »

ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына  тиесілі. Өңірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша  86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 223 гектар аумаққа ендіріліп, жалпы көлемі ...

Толығырақ »

Тарихы терең Отырар

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Отырар ауданында жұмыс сапарымен болып, «Отырар төбе» қалашығында арнайы мамандармен бас қосты. Түркістан қаласының дамуы бойынша келген сәулетшілер мен археолог, тарихшылар сынды өз саласының білгірлері жиналған Отырар қалашығындағы басқосуда аймақ басшысы кезінде көне шаһардың агломерациясы мықты болғанын айтты. «Отырар қалашығына келе жатқанда бірнеше төбелер бар. Олардың бәріне зерттеу жүргізілуі керек. Кезінде Отырар үлкен қала болса, ...

Толығырақ »

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ ОТЫРАР АУДАНЫН АРАЛАДЫ

Отырар ауданына барған мәжіліс депутаты Елбасымыздың сындарлы саясатына қолдау білдіріп, орталықтарға ғана емес, шалғай ауылдардың да дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Отырарлық тұрғындары жаңалықтарының бірі — аудан орталығында салынып жатқан көпқабатты қызметтік үйлер, тұңғыш рет газ құбырларын тарту жұмыстары болатын. Ауданға білікті мамандарды тарту, сыртта жүрген тәжірибелі де, жас мамандарды шақыру мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету басты ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДЕ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның аясында 75,61 шақырым желілерді жаңартып, темір-бетонды бағанаға алмастыру және 6 жаңа трансформаторды орнату жоспарланған, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Бүгінде аталған ауданда ұзындығы – 31,2  шақырым желі жаңартылып, темір-бетонды бағаналарға алмастырылған. Сонымен қатар,  төрт трансформатор құрылғысы жаңартылды. Бұл жұмыстар Төлеби ауданды əкімдігімен «Оңтүстік Жарық Транзит» ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 8 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылында 8 білім ұясы ел игілігіне берілетін болады.  Бұдан бөлек биыл  8 мектептің іргетасы қаланбақ. Сондай-ақ,  ауданда 5 модулді медициналық тректің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Жамантай Бейсенбаев мәлім етті,-деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Жиын барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев баяндама жасады. Оның ...

Толығырақ »

ШАЯНДА АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бәйдібек ауданында Астананың 20 жылдық мерекесіне орай, 20 отбасыға  20 тұрғын үйдің  кілті тапсырылды. Сонымен қатар, аудан орталығы Шаян ауылында 55 гектар жер телімінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының лентасы қиылды.  Салтанатты шарада аудан әкімі Б.Танагөзов тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Бұл игі істер Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен облыс әкімдігінің жүйелі жұмысының арқасында атқарылғаны айтылды. 20 тұрғын үйдің бірін иеленген жалғыз басты қарт ана ...

Толығырақ »

Түркістан облысының жігіттері топ жарды

Үстіміздегі жылдың  4-8 шілде аралығында Астана қаласында өткен дәстүрлі «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде Түркістан облысы «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің  «Эксклюзив» тобы алтын медальді қанжығасына байлады. Астананың туған күніне орай жыл сайын елордада өтетін цирк өнерінің додасына биыл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Вьетнам, Ресей, Беларусь, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия және Венгрия сынды 13 мемлекеттің 60-тан аса  цирк майталмандары қатысып, бақ сынады. Қиынынан қиысқан ...

Толығырақ »

Сайрам ауданында ерекше мерекелік шара өтті

Астана күніне орай барлық аудан-қалаларда мерекелік шара өткізілді. Түркістан облысының Сайрам ауданына бұл мереке ерекше өтті деуге болады. Сайрам ауданының орталығындағы мәдениет үйінде «Мир через духовность» қоғамдық қорының еріктілер белсенділерінің, аудан тұрғындарының, аудан әкімі Бақтияр Мамаевтың, аудандық мәслихаттың хатшысы Жансерік Мұсаханұлының, аппарат қызметкерлерінің қатысуымен гала концерт ұйымдастырылды. Өз кезегінде аудан әкімі қонақтарды, аудан тұрғындарын Астана күнімен құттықтап, адам баласына жақсылық жасап, көптің ...

Толығырақ »

Отырарда туған Нұрсұлтан 20 жасқа толды

Бүгін Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы, Отырар ауданының жастары «Туған күніңмен, Астана!»  мерекелік кешін ұйымдастырды. Шараның мақсаты- Тәуелсіздік жылдарының асқақ абыройы мен жарқын болашағын айқындайтын, ел іргесінің берік, шаңырағының биік екенін көрсететін айбыны мығым Елордасы Астананың мерейлі мерекесін ардақтап, бірге тойлау. Еркін форматта өткізілген басқосуға аудан басшысы Айтаханов Ерлан Қуанышұлы арнайы қатысып, барша отырарлықтар мен жастарды ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАННЫҢ ТӨРІНДЕ МӘРТЕБЕСІ АСҚАҚТАҒАН АСТАНА!

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласында Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған гала-концерт өтті. Есімхан алаңында өткен концертке мыңдаған көрермен қатысты. Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті мерекемен құттықтады. Думанды салтанат барысында өңір басшысы қоғамның түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалын салтанатты түрде тапсырды. Олардың арасында спорт, өнер, БАҚ және ...

Толығырақ »

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткен «Burabay Sammer Fest» I жасөспірім таланттардың халықаралық фестиваліне қатысқан Түркістан облысының бүлдіршіндері елге оралды. «Вокалдық өнер» (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән), «Инструменталдық орындаушылық» (дәстүрлі өнер, классикалық өнер, эстрадалық өнер), «Хореографиялық өнер» (халықтық би, классикалық би), сондай-ақ «Көркемдік оқу» номинациялары бойынша өткен фестивальде Түркістан облысынан 9 жанр бойынша ...

Толығырақ »