Бүгін Мақтаарал ауданына Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының Талдықорған облыстық филиалы атынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Керуен жүгі Атакенттегі арнайы қоймаға орналастырылды. Алдағы уақытта тасқыннан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады. Талдықорғандық топты бастап келген Алматы облысы ұйғыр этномәдени орталығының Талдықорған қаласындағы өкілі Нурум Ивуллаев. Керуен 7 тоннаға жуық 140 түрлі азық-түлік жиынтығын ала келген. Сондай-ақ, делегация мүшесі, ұйғыр мәдени орталығының ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
БІР МЫҢ ДОЛЛАРЛЫҚ ӨТЕМАҚЫ ТАРАТЫЛУДА
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 жанұяның (30 420 адам) есепшоттарына аударылады. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерді. Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен өткен тікелей эфирде ...
Толығырақ »ҚАЛААРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ
2020 жылдың 22 мамырында карантиндік режимге қарамастан жолаушыларды жинап Түркістан қаласынан Алматы қаласына заңсыз сапарға шыққан автобусқа Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен тосқауыл қойылып, құзырлы органдармен тиісті шара көрілді. Сондықтан басқарма мамандары карантиндік режимді бұзбауға шақырады. Айта кетерлігі, жолаушылар тасымалы қызметін жалғастырып жатқан көліктер облыс аумағынан шығарылмайды. Ол үшін Сауран және Шақпақ блок-бекеттерінде тосқауыл қойылған. Ескеретін ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА 14 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН
Түркістан облысы аумағында 2020 жылдың 5 айында жергілікті Орман шаруашылығы жерлерінде 14 өрт оқиғасы тіркелді. Орман шаруашылығына келтірілген материалдық шығынның жалпы соммасы – 802,2 мың теңге шамасында. Орман өртінің көлемі – 2347,8 га орманды алқабы – 287 га, ормансыз алқабы – 2060,8 га. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығының орынбасары Асанғали Төлепбергенов ...
Толығырақ »ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрған 28 отбасына жаңа ықшам ауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин бүгін су алған ауылдарға келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылып келген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. ...
Толығырақ »ТҮЛЕКТЕР ЖАРАДЫ
Түлкібас ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің 2000 жылы мектеп бітірген түлектері көпбалалы мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Баспаналы болған Хажібековтер отбасы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдығын өткізген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бүгінгі күнге дейін аудан ...
Толығырақ »МАМИН МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді, деп жазады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданында Үкімет басшысы тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ...
Толығырақ »«БАДАМ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫН АРАЛАДЫ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймақтың құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Бүгін онда жалпы инвестиция қаражаты 4,6 млрд. теңгені құрайтын 4 өндіріс орны жұмыс істеуде. Сонымен қатар, іргелес жерде аталмыш индустриалды аймақтың инфрақұрылымын пайдаланатын 4 кәсіпорын орналасқан. Олардың инвестиция соммасы 20,7 млрд. теңгені құрайды. Алайда, қазіргі уақытта қолданыстағы инфрақұрылым қуаттылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың сұранысын жабу үшін ...
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі құрылыс алаңы дезинфекцияланды. Бұл шаралар әртүрлі инфекциялық аурулардың ел ішінде таралуын болдырмау және далалы жерде кездесетін қан сорғыш жәндіктерді жоюға бағытталған. Бұл туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Гаухар Сәулебекова мәлімдеді. «Қазіргі таңда Мырзакент кентінде жаңадан елдімекен бой көтеріп, онда 500-ден астам үй салынып жатқаны баршаға белгілі. ...
Толығырақ »ИГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ
Өңірімізде мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашатын шаруалар қатары көбеюде. Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейткен. Мемлекеттік қаржы ұйымдарының қамқорлығының арқасында ауылда мал айдаған қазақтың қарасы көбейді. Мал бордақыланып, елде ет өндіру әлеуеті артты. Ауданда несие берудің ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ЖАҒДАЙЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін, «ADAL KOMEK» жобасы аясында Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы «Әлеуметтік көмек және мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін жеңілдіктер бойынша» тақырыбында тікелей эфир арқылы сұхбат берді. Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 2020 жылдың 21 мамырына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 735 отбасының 4031 адамына 97 473,7 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді ал, 2020 жылдың ІІ тоқсанына барлығы 744 ...
Толығырақ »АҚЖАУЛЫҚТЫ АНА АЛҒЫСЫН АЙТТЫ
Түркістан облысы полицейлеріне ақжаулықты ана алғысын айтты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мамыр айының 2-сі күні алаңсыз үйінде шәй ішіп отырған Мақтаарал ауданы Жеңіс ауылының тұрғыны Айсұлу Молдабековаға екі бірдей ұлы қайта-қайта келіп, ауылды су басайын деп жатқанын ескертіп, алып кетуге тырысады. Алайда, анасы балаларының сөзіне сенбей, үйінде қалып қояды. Осы кезде жергілікті Мақтаарал аудандық полицейлері ...
Толығырақ »CALL-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Түркістан облысында Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеуге арналған сұрақтар үшін Call-орталық ашылды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысының Полиция департаментінде Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін Колл-орталық құрылғанын хабарлаймыз. Байланыс телефоны: 8-725-33-58637 және 8-775-582-17-13. Жұмыс кестесі күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Облыс аумағында орналасқан МХҚКО-ның мекен-жайлары: 1. Түркістан МХҚКО ...
Толығырақ »ЖИЫРМАҒА ЖУЫҚ ҚАРУ АЛЫНДЫ
Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде тұрғындардан 20-ға жуық қару алынды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығы негізінде облыс аумағында 20-22 мамыр аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған алдын алу іс-шарасының 2 күнінде тәртіп сақшыларымен 18 дана қару, оның ішінде 17 аңшы қару мен 1 травматикалық тапанша ...
Толығырақ »АҚША ЖЫМҚЫРҒАН АЛАЯҚТЫ ҰСТАЛДЫ
Түркістан облысы полицейлері 20-ға жуық жәбірленушінің ақшасын жымқырған алаяқты ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сарығаш АПБ-не жергілікті тұрғын, жас қыз арызданды. Оның айтуынша өзіне жақсы таныс емес әйел «мемлекет тарапынан ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті алып беремін»-деп сендіріп, алаяқтық жолмен 30 000 теңгесін беріп, алданып қалған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не ...
Толығырақ »ҚАРТ ТҰРҒЫНДАРҒА ЕРЕКШЕ ҚЫЗМЕТ
Сарығаштық полицейлер қарт тұрғындарға ерекше қызмет түрін көрсетті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінде күнделікті осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Сарыағаш АПБ Көші-қон полиция бөлімшесінде мобильдік топ құрылып, жүріп-тұруы қиын қарттарымызға көшпелі қызмет көрсетілді. ...
Толығырақ »КҮДІКТІЛЕР ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ
Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, түнде сиырын ұрламақ болған ұрылардың көлігі жол бойында бұзылып тұрғанын көріп, хабарлама түсіреді. Жәбірленушінің айтуынша түнгі уақытта белгісіз екі тұлға ауласына жасырын кіріп, қорасындағы сиырын ұрлап дарбазадан шығып бара жатқан жерінен көріп қалып айқайлағанында, әлгі ұрылар сиырды ...
Толығырақ »170 ТҮПТЕН АСТАМ ҚАРАСОРА ТАПТЫ
Полицейлер Түркістан облысы тұрғынынан 170 түптен астам қарасора тапты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті сора егісін жойды. Жедел уәкілдер Ордабасы ауданы тұрғынының үйінен құрамында есірткі заты бар тыйым салынған өсімдік тауып, күдіктіні ұстады. Ер адам үй ауласындағы арнайы қоршалған учаскеде заңсыз қарасора еккені ...
Толығырақ »ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы төтенше жағдайға байланысты ораза айт мейрамын өткізу туралы МӘЛІМДЕМЕСІ Аса Рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Құрметті отандастар, қадірменді жамағат! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Ораза айт мерекесі – бір ай бойы шынайы ықыласпен ораза ұстап, әр күнін жақсылық жасаумен өткізген адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла Тағала ...
Толығырақ »ЖАС БУЫН ЕРІКТІЛЕР ЕЛМЕН БІРГЕ
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында орын алған су апатында жедел түрде әр өңірден еріктілерден құралған үйсіз — жайсыз қалған тұрғындарға жәрдемдесу мақсатында «Біргеміз Мақтарал» еріктілер штабы құрылған болатын. Қазіргі таңда жағдай тұрақталып, зардап шеккен ауыл тұрғындары қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуде. Төтенше жағдай орын алған күннен бастап, күн-түн демей еңбектенді. Осындай сын сағатта жұмыла еңбектенген волонтер жастар Штаб басшылығының алғыс хаттарымен марапатталуда. ...
Толығырақ »ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ
Жетісай ауданының тұрғындары Мақтаарал ауданыңда жұмыс істеп жүрген құрылысшыларға арнайы қайырымдылық дастарханын жайды. Нақтырақ айтқанда, қайырымды жандар Мырзакент кентінде жаңадан бой көтеріп жатқан елдімекенге үлес қосып жатқан 50-ден астам азаматқа арнап палау басты. Ораза кезінде он шақты азамат бірігіп, құрылыс басында жүрген жандардың ризашылығын алуға ниет еткендерін айтады жетісайлық ағайындар. «Мақтаарал мен Жетісай аудандары ауылы аралас, қойлары қоралас аймақтар. Топан ...
Толығырақ »КӨМЕК КӨРСЕТУІН ЖАЛҒАСТЫРУДА
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы су тасқынынан зардап шеккен түркістандықтардың құжаттарын қалпына келтіру бойынша жұмысын жалғастыруда. Бұған дейін апат аймағына Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның тапсырмасымен тұрғындардың құжаттарын қалпына келтіріп, көмек көрсету үшін жасақталған 5 мобильді топ жіберілген болатын. Мемлекеттік корпорацияның барлық қажетті құралдармен жабдықталған мобильді ХҚО-лары аудан бойынша орналасқан барлық эвакуациялау пунктерін кезекпен аралап, жоғалған құжаттарды қайта қалпына келтіруге көмек ...
Толығырақ »ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елдімекенінде жалпы 4 арнайы техника мен 30 қызметкер жұмылдырылған. Олар ауыл көшелеріндегі тасқыннан жиналған күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарумен айналысып жатыр. Айта кетейік, аталған тазалық жұмыстарына Жаңатұрмыс елдімекенінің тұрғындары да белсене атсалысуда. Сондай-ақ, Достық елдімекеніндегі тазалық жұмыстарына Сарыағаш ауданы әкімдігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, ...
Толығырақ »«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛЫҢЫЗ
«2-10-20» әлеуметтік «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Түркістан облысы тұрғындарына өзі тұратын аймақтан, аудан орталықтары немесе Түркістан, Кентау қалаларынан баспана сатып алуға мүмкіндік берілді. Шарт бойынша, болашақ үй иесінің және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс. Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі ...
Толығырақ »МЕРЗІМІНДЕ ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС
Түркістан қаласында қарқын алған тұрғын үй құрылысын аралап шыққан өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, білікті құрылысшыларды тиiмдi жұмысқа ынталандыруды тапсырды. Дайын пәтерлердің сапасын тексеріп, жұмыс кестесінен қалыс қалған компания жетекшілерін қатаң сынға алды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Білікті құрылысшыларға қолдау көрсету туралы облыс әкімінің бастамасын толығымен қолдаған жауапты сала басшылары айқындалған ...
Толығырақ »