Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрған 28 отбасына жаңа ықшам ауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин бүгін су алған ауылдарға келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі.

Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылып келген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. Олардың барлығы су басқан ауылдардың тұрғындары. Баспана тауқыметін тартқан отбасылардың айтар алғысы шексіз.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет Басшысына Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын таныстырды. Сондай-ақ, олар Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысын аралады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу