Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

Халықаралық отбасы күнінің орай Жетісай АПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобының қызметкерлері жақсылық жасап, игі іске ұйытқы болды.
Шымкент қаласы ІІД ЖППП-де қызмет атқарып, қызмет бабында қайтыс болған Нуржан Алтынбековтың жұбайы Жетісай қаласының тұрғыны Меруерт Укиеваны мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарды тарту етті.
Нұржан Алтынбек 2007 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін ОҚО ІІД Жол полициясы басқармасы жеке батальон қызметінің аға инспекторы лауазымын қызметін атқарған. 2007 жылдың 14-қырқүйек күні күнделікті жол бойында қызметін атқарып тұрғанда, мас халде көлік басқарған жүргізуші қағып кетеді. Жол-апаты салдарынан алған жарақатынан соң, Нұржан қайта көзін ашпады.
Ойда-жоқта отбасының асыраушысы, тірегі, жұбайынан айырылған Меруерт Укиева, күйеуінің шаңырағының отын сөндірмей, отбасының ұйытқысын сақтап, жолдасы Нұржан Алтынбековтың артында қалған 3 ұл мен 2 қызын тәрбиелеп, үлгілі ана атанып отыр.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары Меруерт Укиеваға гүл шоқтары мен сыйлықтар беріп, әсерлі естеліктерімен бөлісті.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу