Түркістан облысының полицейлері кезекті көкнар егістігін жойды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.
Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында ауыл тұрғынының ауласынан құрамында есірткі заты бар заңсыз егілген өсімдікті анықтаған болатын. Ол бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.
Тінту кезінде тәртіп сақшылары күдіктінің бау-бақшасынан 220-нан астам көкнарға ұқсас есірткі өсімдіктері табылған. Сондай-ақ, айғақты зат ретінде жедел уәкілдер марихуанаға ұқсас 4 түп тәркіледі. Құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 17 кг құрады.
Аталған жайт Сарыағаш АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап, күдікті өз үйінде есірткіні қандай мақсатта өсіргенін анықтауда . Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
©️ DIDARBEK.kz