Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 67)

Қала тынысы

«ЕЛБАСЫ ЖОБАСЫНА» ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Елбасы медалі» жобасы туралы брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева және Шымкент қаласы Дарын орталығының директоры Р.Джеренова қатысты. Маусым айынан бастап «Елбасы медалі» жобасына қатысушыларға тіркеу басталған болатын. Байқауға қатысатындардың жасы 14 жас пен 29 жас аралығында болуы тиіс. «Елбасы Медалін» мақсатына ұмтылған әрбір қазақстандық жас буын иемдене алады. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz ...

Толығырақ »

МЕДИЦИНА ЖАНЫҢЫЗДА

Шымкентте «Қала күні» мерекесіне орай, «Медицина жаныңызда» атты акция басталды, деп жазады Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Аталған шарада білікті дәрігерлерден құралған медициналық керуен эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, қала шетіндегі елді мекендердергі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуде. Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог, стоматолог, маммолог, онколог, кардиолог, окулист сынды мамандар ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕР 250 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Өзіңде барды өзгемен бөлісу – адамдық қасиеттің ұлысы. Шымкенттік кәсіпкер Саухан Аташбекұлы, жомарттықпен жан семірткен көпке үлгі азамат. Адал еңбегімен кәсіптің көзін, еңбектің ебін тапқан ел ағасы 250 отбасыға азық – түлік пен қаржылай қолдау көрсетіп, зекет парызын орындады. Осылайша маңайындағы мұқтаж жандардың алғысын арқалады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Жүнісбековтің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Дәстүрден жаңылмай көпке көмек қолын ...

Толығырақ »

ТАЛАП КҮШЕЮДЕ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Ұлттық біріңғай тестілеу  туралы брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева және Шымкент қаласы Дарын орталығының директоры Р.Джеренова қатысты. Брифингте ең алғаш сөз алған Жанат Тәжиева мектеп түлектері төртінші тоқсан қорытындысын жақсы тәмамдағанын жеткізді. Нәтижесінде 546 оқушы алтын белгі алып, бүгінде оның 359-ы үздік аттестаттың иегері атанғанын және осы жылдың үшінші маусым мен бесінші ...

Толығырақ »

КАРАНТИН ТАЛАБЫН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛҒАН

Шымкент қаласы Еңбекшi ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өткізді. Ғалымжан Молдабайұлының айтуынша, аудан аумағы бойынша COVID-19 анықталған ошақтар барлығы – 252. 122 індет ошағы бойынша «Югдорсервис» ЖШС-ның техникаларымен күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. – «Жасыл қала» ЖШС-ы тарапынан №35748 әскери бөлімінің сарбаздарымен аудандағы барлық шағынаудандарындағы тұрғын үйлердегі 2250 кіреберіске 2 ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Еңбекші ауданындағы кәсіпкерлік нысандарда халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында арнайы мониторингтік топ тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде мониторингтік топ тарапынан 34 коммерциялық құрылымға ескерту берілді. Сонымен қатар. Еңбекші аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан карантин режимін бұзған 4 коммерциялық құрылымға хаттама толтырылды. — Қаладағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, ...

Толығырақ »

ТАЛАПТЫ САҚТАМАҒАН НЫСАН ЖАБЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданында арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мониторингтік топтың құрамында аудан әкімдігінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары, БАҚ өкілдері бар. Осындай кезекті мониторингтік тексеру ауданға қарасты Төле би көшесінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілді. Тексеріс барысында санитарлық талапты сақтамаған 4 базар мен 32 нысанға ескерту жасалды. ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған монитоингтік топ Шымкентте тексеру жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері бүгін індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кезекті мониторингтік тексеріс Абай ауданына қарасты А.Асқаров көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарда жалғасты. Оған аудан әкімдігінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері БАҚ өкілдерімен бірлесіп тексері ...

Толығырақ »

БАЗАР БАСШЫЛЫҒЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, әкімдік қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізуде. Қаратау ауданы бойынша аудан әкімі аппараты, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылған топ Сайрам тұрғын алабындағы сауда орындарында карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын тексерді. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде орталық көшеде орналасқан 2 ...

Толығырақ »

ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛМЕСЕ, НЫСАНДАР ЖАБЫЛАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Әл-Фараби ауданы бойынша басшысы Талғат Серманиязов қатысты. Ғабит Патшаханұлы ауданда карантинге 128 үй жабылып, бүгінде оның 76-сы ашылып, қалған 52-сі жабық тұрғанын алға тартты. ...

Толығырақ »

ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылы 15 маусымда Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс алтыншы сессиясында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ішінен дін істері функциясы алынып, жаңадан «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» құрылды. Сондай-ақ, Ішкі саясат басқармасының құрамына жастар бөлімі енгізіліп, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы болып қайта құрылды. ...

Толығырақ »

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топ түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті іс-шарада Абай ауданы әкімі Б.Парманов, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бакылау баскармасының Абай ауданы бойынша басшысы А.Шажаев, аудандык полиция қызметінің мамандарымен бірлесіп, А.Асқаров көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Топ мүшелері ірі және ...

Толығырақ »

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ БРИФИНГ ӨТТІ

Аудан аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар. Оларды дезинфекциялау жұмыстары 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан атқарылуда. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифингте айтып өтті. Брифингте белгілі болғандай, Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігері Ә.Төлебаевтың №20 Қаулысына сәйкес 4 ірі сауда орталықтары ...

Толығырақ »

МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША «БАСТАУ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Шымкент қаласының Дарын орталығы ағымдағы жылдың 16-21 маусымы аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ Республикалық математикалық турнирін онлайн режимде өткізеді. Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өткізіп келеді. «Бастау» турниріне Шымкент қаласының Дарын орталығының 2020 жылдың мамыр айында математика пәнінен 3-4 сынып оқушылары арасында өткен онлайн олимпиада жеңімпаздары қатысады. «Бастау» ...

Толығырақ »

25 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелді. COVID-19-бен ауырғандардың барлығы инфекцияға симптомы бар науқастар. Осылайша қазіргі таңда Шымкентте қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 1183-ке жетіп отыр. Сондай-ақ қала бойынша 2020 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 57 тасымалдаушы тіркелген. Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 383 адамнан коронавирус анықталған. ...

Толығырақ »

ЭТНОАУЫЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында «Наурыз» алаңы маңында «Көне қала» этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта «Шымкент 2020 — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар өтеді деп жоспарланған болатын. «Көне қала» этноауылында 12 киіз үй мен көрме қойылатын жартылай киіз үй, Ақ қанатты шатыр үй де құру жоспарланған. Сонымен қатар, ауылда алтыбақан ...

Толығырақ »

ЕЖЕДНЕВНО ДЕЗИНФИЦИРУЮТ ПО 76 МАРШРУТАМ

В целях охраны жизни и здоровья населения, недопущения распространения коронавирусной инфекции в городе Шымкент проводится дважды в день дезинфекция общественного транспорта. – Согласно поручению акима города, общественный транспорт ежедневно дезинфицируется. Днем в городе регулярно проводится дезинфекция 1047 единиц общественного транспорта по 76 маршрутам на конечных остановках каждого маршрута, так же утром и вечером проводятся дезинфекционные работы на территории автобазы. Кроме ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ЧИСЛО ЗАРАЗИВШИХСЯ КОРОНАВИРУСНОЙ ИНФЕКЦИЕЙ ДОСТИГЛО 1 159

В Казахстане за прошедшие сутки, по данным на 14.06.2020 года, выявлено 313 случаев заболевания коронавирусной инфекцией. Об этом сообщает сайт www.coronavirus2020.kz. В целом по стране число заболевших – 14 тысяч 809. За прошедшие сутки у 313 граждан страны были обнаружены коронавирусные инфекции, из них 26 — жители г. Шымкент. В настоящее время состояние больных удовлетворительное. В соответствии с утвержденным протоколом проводится соответствующее ...

Толығырақ »

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ

Баршаңызға мәлім, өткен жылдың соңында Қытайда тіркелген короновирус індеті жер-жаһарды біраз әбігерге салды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы жаңа вирусты пандемия деп жариялап, барлық елдерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 15 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда жалпы 14 809 науқас тіркеліп, оның 9188-і індеттен сауығып шықты. Өкінішке орай, 77 адам көз жұмды. Ал, Шымкентте вирус жұқтырғандар 1133-ге жетіп, 478 науқас жазылып, үйіне шығарылды. Бірақ ...

Толығырақ »

БЕЛГІЛЕРІ ЖОҚ КОРОНАВИРУС НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлады. Оның ішінде Шымкент қаласының көрсеткіші – 70. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда — 4892. Белгілері жоқ коронавирус дегенді қалай түсінеміз, вирусты тасымалдаушылар айналадағы адамдарға қауіпті ме, осы және өзге де мазалаған сауалдарға Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының жоғары санатты ...

Толығырақ »

ШОМЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК

Демалысты қауіпсіз өткізу үшін, суда шомылу ережелерін сақтау қажет. Жаз – демалу үшін тамаша кезең. Өзің және өзіңнің денсаулыға пайда келтіру үшін суда демалу кезінде суда өзіңді ұстай білу, жақсы жүзе білу, суда шомылу ережелерін сақтап, орындау қажет. Осы туралы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші және құтқарушылары Бадам өзен бойында шомылушылар арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстары кезінде айтып берді. Өрт ...

Толығырақ »

БЕТПЕРДЕ ТАҒУ МІНДЕТТІ

Қоғамдық көлікте бетперде тағу міндеті. Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н. Сүгірәлиев мәлімдеп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының жүріп жатқанын айтты. Бүгінгі күні Шымкент қаласында тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. – Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көліктер ...

Толығырақ »

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ҚАЖЕТТІ ӘРЕКЕТ

Табиғат тосын сыйларға толы, әсіресе су тасқыны айтып келмейтін апат. Мұндай жағдайда әрдайым бірінші болып тұрғындарға көмекке өрт сөндіруші және құтқарушылар келеді. Ал, бұл кезде тез, әрі кәсіби түрде әрекет ету аса маңызды. Осы орайда жедел әрекет ету дағдыларын машықтап, үнемі жаттығып тұратын шымкенттік өрт сөндірушілер тәжірибелік сабақтарын Бадам өзені бойында өткізді. Мамандандырылған жасақтың жеке құрамына аталған өзен бойында «Өрт ...

Толығырақ »

ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирусқа қарсы тәртіп күшейтілді. Әлеуметтік ара қашықтық, бетперде режимі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп — тұруы талапқа сай жүргізілуде. Ал, жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіреберісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгі береді. Ауа баптағыш құрылғылар арқылы дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі. – Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер жұмылдырылған. Күніне 4 мезгіл дизенфекция жасалады. Жазғы демалыс ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» ұйымдастырды. Онлайн жүйесіндегі экспедицияның мақсаты – тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру және қаланың туристік әлеуетін таныту. Онлайн экспедицияны ұйымдастырушылар қаладағы республикалық маңызы бар киелі 7 кесененің тарихымен таныстырды. Бүгінде «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі баба», «Қожа Салық» кесенелерінің аумағын ...

Толығырақ »