Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің «Шымкент қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алуды әрі қарай күшейту туралы» №23 және №25 Қаулыларына сәйкес 5 шілде мен 20 шілде аралығында Шымкент қаласында карантиндік режим ұзартылып, шектеу шараларының талабы күшейтілгені белгілі.

Осы орайда, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері Қаратау ауданында құрылған мобильді топпенен бірлесе аудан аумағындағы кәсіпкерлерлік нысандарға жұмыс режимін сақтау бойынша қоғамдық бақылау (мониторинг) жүргізді.

Бақылау тобы аудан аумағындағы «Нұрсәт-3» мөлтек ауданы, Қайтпас-1, «Асар» шағын ауданы, Бәйдібек би көшелері бойындағы кәсіпкерлік нысандардың уақтылы жабылуын қадағалады. Бұл түрлі сала өкілдерінен құралған топ мүшелерінің кезекті тексеру жұмысы ғана.

Әлемді жайлаған қауіпті вирустың жергілікті жерде кеңінен таралуына тосқауыл қою үшін сақтық шаралары жалғаса бермек. Қаратау ауданында дәл осындай 14 мобильді топ жұмыс тұрақты жұмыс жасайды. Бақылау жұмыстары барысында ешқандай да тәртіп пен талапты орындамаған кәсіпкерлік нысандар анықталмады.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу