Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған. Ағымдағы жылы тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін ауыстыру мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп 19 млн 500 мың теңгеге 150 дана контейнер сатып алынды, мердігер мекеме — «Статус КБО бюлдинг» ЖШС.
Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев жаңадан алынған 150 дана контейнердің сапасын тексеріп, қабылдау бойынша тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Қазіргі таңда тозығы жеткен контейнерлерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Спецавтотранспорт» ЖШС-і айналысады.
Айта кетсек, мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап, алып отырады.
Осы орайда, тұрғындар да қоқысты белгіленген орынға тастап, тазалық шараларын сақтағандары жөн. Бұл өз кезегінде қоқыс контейнерлері аумағының таза болуына және әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы