Бүгін мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге нақты нүкте қойды.
-2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз,-деп Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кездері ел арасында тарап жұрген қауесет сөзге тосқауыл қойды. Бұл жер емген шаруалар үшін қуанышты жаңалық болды.
Алайда, жерге құр иелік етіп, қоршап отыра беруге болмайды. Ол тиімді игеріліп кәдеге жарауы керек. Мемлекет басшысы осы жөнінде де нақты мәліметтер келтіріп, қара жердің қаңтарылып қалмауын ескертті.
Шын мәнінде де жерді алдың ба, оны игеру керек. Тиімді игермеген жағдайда мемлекет иелігіне қайтарылуы тиіс. Бүгін мемлекет басшысы, игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекітілгенінде атап өтті.
Жер – ел байлығы. Сондықтан да жер бүкіл елге қызмет ететіндей, өнімділігі мен құнарлылығын жыл сайын арттырып отырып, тиімді пайдаланатынуымыз қажет.
Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы,
Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары