Қазақ-өзбек қатынасы беки түспек. Шымкент билігі Өзбекстанның Бұхара облысының жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесіп, екі жақты келісімдерге қол қойды, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Мақсат – сауда экономикалық байланыстарды арттыру. Өзбекстандық делегация Шымкентте күні кеше ұйымдастырылған халықаралық форумға қатысқан болатын. «Басқосудан алған әсеріміз ерекше»,- деді көрші ел өкілдері. Өндірушілер арасындағы әріптестік. Интенсивті бау-бақша өнімдері. Қонақүй бизнесі ...
Толығырақ »Қала тынысы
ШЫМКЕНТ: АРБАДАҒЫ БИ ЖАРЫС
Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбадағы биден клуб біріншілігіне арналған жарыс болып өтті.Оған арнайы сайыстардан іріктелген 5 жұп қатысты, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Әбдіраштың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт пен дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Қаламыздағы мүгедектерге арналған спорт мектебінде 18 спорт түрінен арнайы мамандар 372 мүгедек спортшыға дәріс ...
Толығырақ »Шымкентте «Медицина жаныңызда» акциясы өтуде
Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларында «Медицина жаныңызда» атты акциясы өтуде. Ауқымды акция аясында Шымкент қаласында дәрігерлерден құралған бригада қаланың шетінде орналасқан шағын аудандарға барып, медициналық қызмет көрсетуде. Жоспар бойынша мамандар қараша айының 11-18 аралығында қаланың шетіндегі шағын ауданға барып, қабылдау жүргізуді бастап кетті. «Сауле» шағын ауданында 14.11.2019 жылы сағат 09:00 мен 13:00 аралығында халыққа медициналық қызмет көрсетіледі. «Жұлдыз» шағын ауданында ...
Толығырақ »Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын өткізеді
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 15-16 қараша күндері таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейінгі уақытта «Жолдағы қабылдау» республикалық ациясы Шымкент қ. ПД-нің фронт-кеңселерінде және стационарлық полиция бекеттерінде өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері ...
Толығырақ »«Ұлттық теңге – мемлекеттің мақтанышы» тақырыбында өткен ақпараттық сағат
1993 жылы 15 қарашасында айналымға енген өз ақшамызға 26 жыл толады. 15 қараша – Қазақстан Республикасы ұлттық валюта күніне орай «Отырар» қалалық ғылыми — әмбебап кітапханасының Шет тілі әдебиеттері бөлімінде «Ұлттық теңге – мемлекеттің мақтанышы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Осы ширек ғасырда теңге өзінің кескін — келбетін өзгертіп, құны да сан рет құбылды. Іс-шара барысында оқырмандарға Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу ...
Толығырақ »САУДА ФОРУМЫНЫҢ АЯСЫНДАҒЫ КӨРМЕ
Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» TNT Productions, LLC. Халықаралық көрме компаниясы және оның Қазақстандағы әріптесі «TNT EXPO» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «Agritek Shymkent 2019» 8-ші халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өткізілді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Форумда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер болса Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласына қарқынды күш салып жатқанына ерекше тәнті екенін жеткізе отырып, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «AgriTek Shymkent 2019» халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтті, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Сегізінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық көрменің ашылу салтанатына АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер мен қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысты. Көрмеде Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Ресей, АҚШ пен Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия мен Өзбекстан елдерінің ауыл шаруашылығы саласына қажет ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «ШАРЫҚТА, ШАЛҚАР ШАБЫТЫМ!» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда «Шарықта, шалқар шабытым!» фестивалі өтті. «Шалқар Шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға зағип және әлсіз көретін жандар қатысты, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Туған жер» бағдарламасын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, жас таланттардың өнерін ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫҢ «МОБИЛЬДІ ТОБЫ» ҚҰРЫЛДЫ
Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жанынан шалғай аудандардағы жастарға ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мобильді топ» құрылды. Топтың жұмысы негізгі 4 бағытта жүруде: талантты жастарды қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, психологиялық көмек және аутрич, NEET жастармен жұмыс бағыттары. Бұл топтың артықшылығы — шалғай елдімекендегі жастар орталыққа келмей-ақ өздеріне қажет мәліметтер мен көмектерді ...
Толығырақ »Шымкенттің орталық ауданындағы 55 көшеге жаңа атау берілмек
Шымкент қаласындағы шағынаудандар мен көшелерге атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізуге байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әкімшілік — аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезіндегі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен көпшілік тыңдау өтті. Жиын барысында аудандағы ...
Толығырақ »ӨЗ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙІҢІЗДІ ТАНИСЫЗ БА?
«Өзіміздің полиция». Шымкент қаласында осындай атаумен акция өтуде, , деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Н.Әбдірашиттің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Қалалық ішкі істер департаментінің ұйымдастырумен өтіп жатқан шараның мақсаты – қала тұрғындары мен тәртіп сақшыларының арасында тығыз байланыс орнату. Бұндай шаралардың қаншалықты тиімділігі болады? Халықпен тығыз қарым қатынас жасау, ашық жұмыс істеу, көпшілікпен бірге орын алып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу. ...
Толығырақ »Шымкент: сыртқы көрнекі жарнамалар ретке келтірілуде
Шымкентте қала көшелеріндегі сыртқы көрнекі жарнамалар ретке келтірілуде. Шымкент қаласының сәулеттік келбетін көркейту мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан коммерциялық нысандарда және сауда орындарының ғимараттарында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаларды ретке келтіру мен аудандардың салық түсімдерін ұлғайту мақсатында бекітілген 2019 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлерімен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мен жергілікті полиция ...
Толығырақ »Қала тұрғындарының назарына!
Қала тұрғындарының назарына! Құрметті қала тұрғындары! 2019 жылғы 18 қарашада сағат 12.50-де Шымкент қаласында электросиренаны қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранамыз. Электросирена «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы болып табылады және төтенше жағдайдың қауіпі немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін іске қосылады. Бұл сигналды естіген кезде тұрғындар қол жетімді барлық ақпарат қабылдау құралдарын — телеарнаны, радионы ...
Толығырақ »Еңбекші ауданының полицейлері Жұлдыз шағын ауданының тұрғындарымен кездесті
№94 орта мектеп ғимаратында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Тасболатов Жұлдыз шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық әкімдіктің өкілдері, Әкімшілік полиция және Жергілікті полиция қызметі басқармаларының қызметкерлері қатысты, деп жазады Шымкент қалалық ПД-нің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Кездесу аталған аумақта құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық әңгімеден басталды. Кездесу барысында азаматтар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Тұрғындарды ...
Толығырақ »ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАМАСЫ
Катар астанасы Доха қаласында оқ атудан Азия чемпионты жалғасып жатыр. Шымкент қаласының спортшысы Сәрсенкүл Рысбекова командалық есепте алтын, жылжымалы стенд атудан күміс медалді иеленіп, Токио олимпиадасына берілетін жолдаманы жеңіп алды. Бұл Шымкент қаласы бойынша алғашқы жолдама болып отыр, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко және Сәрсенкүл Рысбековалар Қытай және Тайпей спортшыларын артқа тастап, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ВЕНГРИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Блауманн Ференцпен кездесті, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Екіжақты кездесу барысында тараптар Шымкент пен Венгрия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Қала басшысы шаһардың инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті туралы хабардар етіп, аймақта шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. ...
Толығырақ »Ысырапшылдыққа жол бермеу бағытында өткен басқосу
Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің теолог маманы Кенжебек Рысбековтың қатысуымен Шымкент қаласы, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы Орман Анарбек Оңғарұлының бастамасымен, серіктестіктің асханасында, Жерлеу мен ас беру кезіндегі ысырапшылдықты жою үшін, «Жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі» тақырыбындағы үндеуді талқылауға арналған дөңгелек үстел ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы болып Әшірбеков Берік Айдарұлы тағайындалды, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарттық агенттігі. Атап айтсақ, жаңа басшы осыған дейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. Б.Әшірбеков 1986 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша инженер. Еңбек жолын 2005 ...
Толығырақ »Шымкенттік полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» болды. Сонымен қатар, еліміздің үшінші мегаполисінің әкімі Шымкентті «қайырымды қала» деп атауды ұсынды, деп жазады Шымкент қалалық ПД-нің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың басында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері департамент бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен Шымкент қаласының №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды. Осы уақыт ішінде ...
Толығырақ »Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар
Бүгін Шымкент қаласының Әділет департаментінің тіркеу қызметін ұйымдастыру бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерінің қатысуымен Жылжымайтын мүлік және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қызметі бойынша мемлекеттік стандарттардың нормаларын түсіндіру тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Семинардың басты мақсаты — жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу барысында мемлекеттік ...
Толығырақ »БҰНДАЙ ФОРУМ ШЫМҚАЛАДА БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН!
Бүгін Шымкент қаласында бұрын-соңды болмаған сауда форумы өтті. Шымкент қаласы әкімдігі мен АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде өтіп жатқан тоғызыншы жыл сайынғы форумның пленарлық отырысы өтіп, онда фирмаларға аймақтық бәсекеге қабілетті болу және трансшекаралық саудадағы кедергілерді жоюға көмектесу арқылы бәсекеге қабілетті жеке сектордың дамуы және Орталық Азиядағы экспорттың өсу жайы талқыланды. Форум барысында халықаралық ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Жақында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бюджеттен бөлінетін қаржыны тиімді пайдалануға қатты мән беруді сөз еткен болатын. Ескертуден Шымкент қаласының барлық аудан әкімдері қорытынды жасап, келесі жылғы жоспарларында өзгерістер енгізіп отыр. Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов БАҚ-на жинап, 10 айлық есеп берген болатын. Аумағы жағынан — 49704 шаршы шақырымды құрайтын 10 тұрғын алабы мен 24 шағын ауданы ...
Толығырақ »АБАЙ АУДАНЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық — коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Ғ.Төлеповтің қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Брифингте әкім ауданның тыныс — тіршілігіне қатысты атқарылып жатқан шаруалары мен алдағы жылғы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, брифингте Қазығұрт мөлтек ауданындағы №60 маршруттағы автобустың да жағдайы айтылды. Құтырған иттердің көбейгені жайлы да ескертілді. Жергілікті тұрғындардың өтініштерін алып келген журналист ағамыз, онға жуық тұрғынның қолы қойылған ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ЖЕРҮСТІ ӨТКЕЛІ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлеповтің қатысуымен жоспарланған брифинг өтті. Жиында Ғалымжан Әнуарұлы Төлепов ауданның 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы әлеуметтік — экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баяндады. Қазіргі таңда осы аудандарда өзекті мәселеге айналып отырған жағдайлар ретімен өз шешімін тауып келеді. Оның ішінде Мангельдин — Темірлан тас жолы қиылысындағы өтпелі көпірдің де 2020 жылы бітетіні туралы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ САУДА ФОРУМЫ ӨТУДЕ
Бүгін Шымкент қаласында алғаш рет тоғызыншы Орталық Азия сауда форумы басталды. Екі күнге жалғасатын халықаралық бизнес-іс-шараны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен АҚШ Халықаралық даму агенттігі өткізіп отыр. «Жеміс-көкөніс секторындағы инновациялық және инвестициялық тәсілдер» тақырыбында өтіп жатқан ауқымды шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер, қала әкімі Ерлан Айтаханов пен 500-ден астам компания басшылары, мемлекеттік сектор өкілдері мен Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа және ...
Толығырақ »