Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » 200 ПЛАНШЕТ ТАРТУ ЕТІЛДІ

200 ПЛАНШЕТ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Нет описания фото.

Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, Шымкент қалалық білім басқармасы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Яғни, білім беру, әдістемелік семинар кеңестер, тіпті білім басшысын тағайындаудың өзі электронды форматта қашықтан өтуде. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева баспасөз мәслихатында мәлімдеген еді.

На изображении может находиться: 4 человека

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларымен апта сайын қашықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, кері байланыс сатысында жиналыс өткізу күн тәртібіндегі басты жұмыстардың біріне айналған. Бейнебайланыста білім саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жайы талқыланады.

На изображении может находиться: 2 человека, ребенок

Қазіргі кезде басты талап — Төтенше жағдайға қарамастан оқушыларға сапалы білім беру. Осы бағытта #Кусто Хелп қайырымдылық акциясы аясында 200 отбасына планшет таратылды. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан шифер зауыты халықаралық компаниямен бірлесіп, жақсы істің бастамашысы болды. Ұйымдастырушылар төтенше жағдайдың салдарынан қашықтан білім алып жатқан оқушыларға смартфонның көмегі ауадай қажет екенін ұғып, осындай ұйғарым жасаған. Әлеуеті әлжуаз жанұяның балаларына жасылынған көмек қорына 8,5 миллион теңге жиналыпты.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу