Білім саласындағы жемқорлықтың алдын-алуға бар күш-жігерін салып жатқан Жанат Тәжиева тағы бір жаңашылдығын байқатты, деп хабарлайды DIDARBEK.kz порталының тілшісі Шымкент қаласының білім басқармасына сілтеме жасай отырып.
Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп отырған жайымыз бар. Ол қандай электронды жоба ? Қандай форматта? Электронды жаңа жобаның жай-жапсарымен бүгін Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева БАҚ өкілдерімен кері байланыс барысында баяндап берді.
Онлайн жиында «білім беру мекемесінің басшысын конкурстық тағайындаудың электронды платформасының жобасын журналист, блогерлермен жан-жақты талқылау процесі қызу жүрді.
Жалпы, мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы аясында жүзеге асады. Ақпарат саласының майталмандары бейнебайланыста жаңа электронды жобаның ерекшеліктері жайында әңгіме өрбіткен басқарма басшысына аталған жобаның тиімді тұстары мен басымды бағыттары төңірегінде қойған сұрақтарға нақты жауап берілді. Бас ұстаз дәл осы бағытта жоспарланған бірқатар жұмыстары жайында да ақпар беріп өтті.
Жанат Арысбекқызы Тәжиева төтенше жағдай кезінде білім беру ұйымдарының басшыларымен және олардың орынбасарларымен кері байланыс сатысында жиын өткізуді күн тәртібіне айналдырған. Қашықтықтан оқытудың үшінші аптасына аяқ басқан тұста басқарма басшысы бейне байланысты өткен апта мен бүгінгі күндегі қашықтықтан оқытуда туындаған мәселелер қандай жағдайда да оң шешімін табатытын айтып, оларды сабырлыққа шақырды. Мектеп басшылары ұтымды сәтте көкейіндегі көптеген сұрақтарға тиянақты жауап ала білді. Сонымен қатар, бағалау жиынтықтары төңірегінде де бірқатар сұрақтар сараланып, тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығы айтылды. Басқарма басшысы білім беру ұйымдарының басшыларына шынайы алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.