Вирус жұқтырған 5 ер азамат және 1 азаматша өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Науқастардың барлығы Шымкент қаласының тұрғындары.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
29.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 182 адам анықталды.
Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы