Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 148)

Шымкент

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ КӘСІПОРЫН

ТМД елдерінде теңдесі жоқ кәсіпорын Шымкентте орналасқан, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Оңтүстік Корея технологиясымен жұмыс істейтін «Marai E7 Group» ЖШС баламасы жоқ өнімдерімен танымал. Зауыт халықаралық стандарттарға сай келетін 17 медициналық бұйым өндіреді. Қазіргі таңда отандық ортопедиялық жабдықтардың бағасы басқа өндірушілерден қарағанда әлдеқайда төмен. Кәсіпорын жылына 500 000 таңғыш пен 274 000 ортопедиялық ...

Толығырақ »

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасын іске асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынды. Бұл Жобаны Шымкент қаласы білім басқармасы тарапынан нақты қадамдар арқылы іске асырып, өз тәжірибесін республика көлемінде бөлісті. Жалпы Шымкент қаласында 184 мектепте 184 кітапхана бар. Осы білім беру мекемелерінде 226 679 оқушы білім алуда. 254 кітапханашы қызмет атқарады. Оқырмандар саны — 98 893, кітапханаға ...

Толығырақ »

ҮЗДІК ҰСТАЗ – ҒИБРАТТЫ ҮЛГІ

Джантұрсынова Гүлбану Асанқызы 2008 жылдан бері Шымкент қаласы білім басқармасының Политехникалық колледжінің, «Бағдарламалау және автоматтандырылған жүйелер» пәндер бірлестігінің арнайы пәндер оқытушысы. «Үздік ұстаз-2017» байқауында жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылып, жүлделі І орын иеленген. Гүлбану Асанқызынан дәріс алған студенттер облыстық, қалалық білім додаларында шыңнан көрінуде. Атап айтсақ, Абрайым Айдос облыстық «Worldskills Kazakhstan-2018» облыстық чемпионатына қатысып 1-орынды иеленді. «Worldskills Kazakhstan-2020» аймақтық чемпионатына қатысқан ...

Толығырақ »

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Дарын» орталығы» «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық/қалалық) кезеңі» жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады. Салтанатты ісшараның мақсаты – олимпиаданың үшінші (облыстық ...

Толығырақ »

Тәуелсіздіктің тірегі – білімді ұрпақ!

Шымкент қалалық Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында №47 мектеп-гимназиясының базасында қалалық білім басқармасына қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша №№1,6,9,11,13,15,35,64,47,75,77,79,129, Болашақ, БИЛ-1, БИЛ-2 білім беру мекемелері білім алушыларының арасында Ж. Жабаевтың 175 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің тұлғасы» тақырыбында өңірлік дебат турнирі өткізілді. Турнирге 3 лига бойынша 18 қазақ, 12 орыс, 8 ағылшын, барлығы ...

Толығырақ »

ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ері Әділ Сасбұқаевқа арналған ескерткіш ашылды. Салтанатты жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Әділ Сасбұқаевпен үзеңгілес болған замандастары, қоғам қайраткерінің туыстары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл туралы қалалық «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды. Ашылу рәсімінде сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары бұл ескерткіштің келер ...

Толығырақ »

ДЕБЮТТІК КЕЗДЕСУІН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 17 турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі дода ға біздің Шымкенттік спортшылар да қатысып жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. ММА спорты әлемдік аренада өзіндік орны бар жекпе-жек түрі болып табылады. Біздің өңірде де бұл спорттың түрі кеңінен таралып келеді. Сөзімізге дәлел болса керек, біздің жерлесіміз  18 жасар Алдияр Анарбаев Алматы ...

Толығырақ »

ЖЫРЛЫ ЖАМБЫЛ

Алатаудан жыр асырған, айтыс өнерінің саңлағы, халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ мен «Энергетика және байланыс колледжі» бірлескен кітапхана меңгерушісі Назанова Салтанаттың қатысуымен «Ғасырды арқалаған жырлы Жамбыл» атты әдеби — сазды кеш өткізілді. Кеш аясында кітап көрмесі ...

Толығырақ »

ЖАСТАР АЛТЫБАҚАН АЯСЫНДА

Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жастар арасында «Алтыбақан» ойын-сауық кешін ұйымдастырды. Шараға қала жастары Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің студенттері, №57 жалпы орта білім беретін мектеп, №59 жалпы орта білім беретін мектеп, №69 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары қатысып, алтыбақан аясында әсем ән мен сыңғырлаған күлкіге толы сауық кешін тамашалады. Өнерпаздар дәстүрлі әндерді нақышына келтіре шырқап, жастар ...

Толығырақ »

АМАН-ЕСЕН ТАБЫЛДЫ

Жоғалған бүлдіршін жарты сағат ішінде аман — есен табылды. Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөлімінің “102” пультіне күндізгі уақытта кішкентай баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. 6 жасар баланың анасы ұлының аялдамада автобусқа мініп кеткенін айтқан. Оқиға орнына Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері дереу бағыт алып, жоғалған бүлдіршінді іздестіруге кіріскен. Полицейлер жалғыз жүрген баланы көруі ...

Толығырақ »

ТӘЛІМГЕРІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, қызмет барысындағы мәселелерді шешу жолдарын іздейді. Тәлімгерлік тәлім алушыға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерінің ашылуына көмектеседі. Полиция қызметінде де тәлімгерліктің алар орны ерекше. Қызметке жаңадан келген жас буынға орта немесе аға буын өкілдері тәлімгер болып тағайындалады. Ағымдағы жылы Шымкент ...

Толығырақ »

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ САБАҚ ӨТТІ

Мектеп оқушыларын дұрыс жолға салатын, болашақта тәртіпті азамат болуына өз септігін тигізетін жандар — ол ата-ана, мұғалім және ювеналды полиция инспекторлары. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау аса жауапты мәселе болғандықтан Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады. Мектеп инспекторлары қызметі тәрбие берудің бір көрінісі ...

Толығырақ »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Сәрсен Пернебеков пен Ұлттық нейрохирургия орталығының директоры Ержан Әділбеков ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Екіжақты келісім аясында шымкенттік дәрігерлер елордалық әріптестерімен бірігіп, тәжірибе алмаспақ. Жергілікті рентгенхирургтар біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық нейрохирургиялық орталығының директоры, MD. PhDr. профессоры Ержан Әділбеков пен орталықтың тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Ербол Махамбетовпен бірігіп, күрделі оталар жасады. ...

Толығырақ »

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛҒАН ЖИЫН

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Шымкент қаласындағы көп балалы аналардың тұрғын үй алу мәселесі бойынша отырыс өткізілді. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Д.Қожамжарова, қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Б.Тулегенов, қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Балықбаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары ...

Толығырақ »

НАУРЫЗ — КӨНЕ ШЫМҚАЛАДА

Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында сахналанған қойылым Шымкент қаласының 2200 жылдығы мен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орайластырылған. Драматург Сая Қасымбектің бұл туындысы шаһардың тарихынан сыр шертеді. Әр қаланың тереңнен тартатын тарихы болуы заңды құбылыс. Оңтүстіктің інжу-маржанына айналған Шымкенттің қилы тарихы ғасырлар қойнауынан сүзіліп, бүгінге қалай жеткенін жас ұрпаққа жеткізетін хикаяттың берері мол. Қойылымда «Көне қала мәңгілік ...

Толығырақ »

КУЛЬТУРНУЮ СФЕРУ ШЫМКЕНТА НЕОБХОДИМО ПОДНЯТЬ НА РЕСПУБЛИКАНСКИЙ УРОВЕНЬ

Культурную сферу Шымкента необходимо поднять на республиканский уровень. Об этом сегодня на очередной третьей сессии маслихата города Шымкент седьмого созыва сказал аким города Мурат Айтенов. Озвучив предложения городских депутатов по внесению изменений в бюджет города на 2021-2023 годы, рассмотренные на повестке дня сессии, А.Елшиева отметила, что привлечение специалистов и оборудований в сферу культуры из других регионов негативно скажется на экономике ...

Толығырақ »

ҚАЛА БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Шымкенттің мәдениет саласын республика деңгейіне көтеру қажет. Бүгін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті үшінші сессиясында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. Сессияның күн тәртібінде қаралған 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізу бойынша қала депутаттарының ұсыныстарын баяндаған А.Елшиева басқа өңірден мәдениет саласына мамандар мен құрал жабдықтар тарту қала экономикасына кері әсерін тигізетінін және ол бағытқа бөлінетін қаржыны инфрақұрылымға бөлу ...

Толығырақ »

ОДИН ИЗ ВЕДУЩИХ ВРАЧЕЙ

Жанна Абильдаева — один из квалифицированных специалистов службы скорой помощи. Медицинским работником проводятся социально значимые мероприятия по профилактике, повышению уровня оказания первой медицинской помощи. В 2020 году во время борьбы с COVID-19, она внесла значительный вклад в помощь больным. А также трудиться с целью повышения качества услуг скорой помощи. Трудовую деятельность Жанна Кыстаубаевна начала в 1996 году врачом линейной бригады ...

Толығырақ »

АЛҒЫ ШЕПТЕ ЖҮРГЕН ДӘРІГЕР

Жанна Абильдаева — жедел жәрдем қызметіндегі білікті мамандардың бірі. Медицина маманы алғашқы медициналық көмек көрсетудің деңгейін көтеру, алдын алу жұмыстарымен әлеуметтік маңызды шараларды атқаруда. 2020 жылы елімізде келген COVID – 19 дертіне қарсы күрес шеңберінде науқастарға көмектесуде ақ халатты абзал жан ретінде еңбегі сіңген. Алғы шепте жүріп жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыруда қосқан үлесі мол. Жанна Қыстаубайқызы еңбек жолын жедел ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Шымкент қаласындағы туризм орталығы жаңа жобаны қолға алып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов фейсбук әлеуметтік желісінде жазды. – Шымкентте Мұса пайғамбардың серігі саналатын Қызыр Пайғамбардың 18-19 ғасырларға тән тарихи мұнарасы бар. Сайрам тұрғын алабында орналасқан бұл нысан – туристік, мәдени, ерекше нысандарымыздың бірі. Мұнара әлемге әйгілі Пизан мұнарасы секілді 15’С-қа оңға қарай қисайған. Нысанның биіктігі 10,5 ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ РАДИОСЫНА — 100 ЖЫЛ!

Қазақ радиосының 100 жылдығына орай «Шымкенттен сөйлеп тұрмыз!» атты мерейтойлық іс-шара өтті. Бұл туралы қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген және зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Кеш барысында Қазақ ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «НАУРЫЗ ТАЛ»

В рамках декады «Наурыз начинается в Шымкенте» 18 марта утвержден «Днем добрых дел». В связи с этим, при поддержке акима города Мурата Айтенова прошла акция «Наурыз тал». По традиции праздник Наурыз начинается с посадки деревьев, очистки канав и озеленения окружающей среды. Так, сегодня горожане продолжили добрую традицию и посадили в городе деревья. В акции приняли участие первый заместитель акима города ...

Толығырақ »

ИГІ ДӘСТҮРДІ ЖАЛҒАСТЫРДЫ

«Наурыз Шымкентте басталады» онкүндігі аясында 18 наурыз — «Игі істер» күні болып бекітілген. Осыған орай, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен «Наурыз тал» акциясы өтті, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz»ақпараттық агенттігі. Дәстүр бойынша ілгеріден Наурыз мерекесін ел болып ағаш отырғызудан, арық тазалап, көгалдандыру рәсімін өткізуден бастаған. Бүгін шаһарда қала тұрғындары ағаш егіп, игі дәстүрді жалғастырды. Акцияға Шымкент ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭСТОНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Эстония Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэспен кездесті. Жүздесуде Эстония мен Шымкент қаласының арасында цифрландыру және экономикалық іскерлік байланыстарды нығайту жолдары жан-жақты талқыланды. Эстония Еуропадағы ақпараттық технологияларды дамыту бойынша көшбасшы болып табылатындығын айтқан қала әкімі цифрландыру Қазақстанмен ынтымақтастықтағы маңызды бағыт екенін алға тартты. — Эстонияның IT компаниялары қазақстандық нарыққа қызығушылық танытатындықтан, біз екі ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ПРОХОДИТ МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ И ЛЕЧЕНИЮ ИНСУЛЬТА

В международной конференции «Ангионеврология: инновации и перспективы», которая проходит в городе Шымкент, онлайн участие приняли врачи из других регионов страны, а также Татарстана и Москвы. Такие специалисты, как невропатолог, нейрохирург, терапевт, обсуждают эпидемиологию заболеваний головного мозга и способы лечения острых мозговых и церебральных инсультов. Научная конференция организована при поддержке городского управления здравоохранения и Южно-Казахстанской медицинской академии. По данным собравшихся специалистов, ...

Толығырақ »