Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ОРНАТТЫ

БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ОРНАТТЫ

Шымкент қаласында 10 жер қойнауын пайдаланушы бақылау — өлшеу құралдарын орнатты. Бұл туралы
қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев 2021 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылаған жиынында айтты, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 17 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс атқаруда. Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың барысына тоқталды.
Бүгінде келісімшарт міндеттемелерін орындамаған, әлеуметтік төлемдерді жасамаған 13 жер қойнауын пайдаланушының қарыздарын мәжбүрлеп өндіру бойынша істер Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласының сотына жолданып, шешімдері қабылданды.
Шымкент қаласы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылармен карьерде және тас майдалайтын қондырғының аумағында бақылап — өлшеу құралдарын (таразы) орнату мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен мәжіліс өткізіліп, ескертпе хаттар ұсынылды. Нәтижесінде, 10 жер қойнауын пайдаланушы бақылап — өлшеу құралдарын орнатты.
Сондай-ақ, келісімшарттары бұзылған жер қойнауын пайдаланушылардың аумақтарын қалпына келтіру жұмыстарын қадағалау жүргізілуде.

Пікір жазу