Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында адам құқықтарын қорғау мәселелері мен азаптауға және басқа да келеңсіздіктерге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Басқосуға қалаға жұмыс сапарымен келген ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, сондай-ақ прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшылары қатысты. Кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде адам құқықтарын қорғаудағы нәтижелі жұмыстар талқыланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелері қарастырылды. М.Дүйсенбекұлы ...
Толығырақ »Шымкент
«АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ 50 МЫҢ ТҰРҒЫН ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ақжар» қосалқы станциясына барып, ондағы құрылыс жұмыстарына бірқатар шолу жасады. Жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайтын «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстары 2019 жылдан бастап жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Забадам» қосалқы станциясынан «Ақжар» қосалқы станциясына дейінгі қазылған электр кабелінің ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды. Станцияда орнатылатын негізгі жабдық 110 кВ трансформаторы. Нысанның құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айының ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫ АУЫЗСУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай елдімекенде жүргізіліп жатқан магистралды суаққы және ауыз су жүйесінің құрылысын аралады. Абай ауданына қарасты Құрсай елдімекенінің тұрғындары суды кестемен тұтынып отырған шағын ауданның бірі. Сондықтан шағын аудандағы 4900 абонентті құрайтын 25 мыңға жуық халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 2020-2021 жылдар аралығында 2 кезеңдік жоба түзілген. Олар Құрсайға тартылатын магистралды суаққы және ішкі ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі қазіргі уақытта күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін аталған мектептегі құрылыстың жай-күйімен танысты. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың мамыр айынан басталған. Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимарат 1260 орынға лайықтап салынған. Мұнда қазір екі мыңнан аса оқушы білім алуда. Үш қабатты нысанның күрделі ...
Толығырақ »БИЫЛ САМАЛ-3 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 14 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Самал-3 шағын ауданындағы Ізгілік көшесінен Юсупов көшесіне дейінгі аралықтағы Тыңдала көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Асфальт жабындысы төселетін көше ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, Қазақ ордасы, Алмалы бақ және Мәңгілік ел көшелерінде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы биыл Самал-3 шағын ауданында 25,2 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДЕЙІН 9 БІЛІМ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Бүгінде қалада 9 білім ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп- интернатының ғимараты жөндеуден өтеді. Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысын қадағалады. 4-шағынаудандағы №78 орта мектеп ғимараты 2004 жылы салынған. Жобалық қуаттылығы 465 орындық білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстары бүгінде 60 пайызға орындалған. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 14 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданына барды. Мұнда Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның А.Әбдраманов көшесінде жаңадан бой көтерген балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты. Мердігер мекеме “Ынтымақ Бес Арыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салынып жатқан ойын алаңшасы мемлекет қаржысы есебінен 23,5 миллион теңгеге тұрғызылуда. Мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын кестеге сай уақытылы тапсыруды жүктеді. Одан бөлек Абай ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ САЙЫН 300 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Шымкент жаңа өркениет биігінде қарыштап дамуы үшін ең алдымен жол инфрақұрылымын дамыту мақсаты тұр. Бұл салаға үлкен жауапкершілік жүктелген. Шымкент қаласы үшін ең маңызды мәселенің бірі — жол сапасы мен көшедегі көлік қозғалысын реттеу. Статистикаға сәйкес, Шымкент қаласы автокөлік санының артуы жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен ...
Толығырақ »Әр ауданның даму нүктесі белгіленді
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Жүнісбеков Мемлекет басшысының Жолдауы аясында 6 айда атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Спикердің айтуынша, басқармаға бекітіліген 5 индекатор толығымен орындалып, атқарылатын жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Басқармаға жүктелген негізгі тапсырманың бірі – қаланың Бас жоспары. Осы жылдың 23 маусымында Бас жоспардың жобасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық ...
Толығырақ »Шымкент: штаб отырысында инвестициялық 9 жоба ұсынылды
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz. Күн тәртібінде көтерілген мәселе 2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалу барысы және алдағы айлардың жоспары туралы болды. Биылғы жылға инвестициялық әлеует 721 миллиард теңгеге жоспарланған. Жыл басынан бері, яғни нақты айтқанда 2023 жылдың 6 айында 223,6 миллиард теңге орындалды. Жыл соңына дейін ...
Толығырақ »Шымкент: Тұран шағынауданы кәріз жүйесіне қосылады
Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданы кәріз жүйесіне қосылады, деп хабарлайды didarbek.kz. Қазір Тұран шағын ауданын ішкі орам кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысандағы үшінші кезектің жұмыстарымен танысып, құрылыс қарқынын қадағалады. Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін ...
Толығырақ »Шымкент: индустриалды аймақтар сапалы инфрақұрылыммен қамтылуда
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы экономикалық индустриалды аймақтардағы кәсіпорындарды аралады, деп хабарлайды didarbek.kz. Қазір аймақтар инженерлік инфрақұрылым желілерімен толықтай қамтылуда. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында мақта аралас және киім маталарын өндіру жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестиция көлемі 1 млрд. 980 млн. теңгені құрайды, шамамен 120 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Фабрика жобалық қуаттылығына сай жылына 4 млн. метр мата шығарады. ...
Толығырақ »Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілетін пәтер саны артады
Биыл Шымкент қаласындағы тұрғынүй кезегінде тұрған отбасыларға берілетін пәтер саны артпақ, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 324 арендалық пәтер тұрғын үй кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасыларға сонымен қатар жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ОРНАТЫЛУДА
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағында су шаю қаупі туындаған қауіпті орындарға зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде су басу қаупін алдын алу мақсатында ауданның 5 аумағында ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Арық-атыздардың жалпы ұзындығы 1330 метрді құрайды. Сонымен қатар 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында су жиналу қаупі бар 16 мекенжайға ирригациялар жүргізіледі. Қазір желілердің жобалау-сметалық құжаттасы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ТАСКЕНДЕГІ ТОҒЫЗ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ
Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Таскен шағын ауданындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Байсал, Қызан, Сандуғаш, Айнабекұлы, Кемел, Қырмызы және №1, №2, №3 аты жоқ көшелердің жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аты аталған көшелердің құрылыс басында болып, жұмыстың жай-күйімен танысты. Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер мекеме басшыларына стандартттық ережеге сай сапалы жұмыс істеуді тапсырды. Айта кетейік, ...
Толығырақ »ӘКІМШІЛІК ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ ТАМЫЗДА АЯҚТАЛАДЫ
Бүгінде қала аумағында бірқатар өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі — Әкімшілік іскерлік орталығынан бой көтеруде. Қала әкімі М. Әйтенов 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысып, сапасын қадағалады. Жоспарға сәйкес, орталық әкімшілік және депо ғимараттарынан тұрады. Нысанның құрылысы биыл тамыз айында аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Қазір монтаждау және ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары мен абаттандыру құрылысы 80 пайызға аяқталған. ...
Толығырақ »САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МУЗЕЙГЕ КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТУДА
Шымкент қаласында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге жыл басынан бері келуші туристердің саны артты. Шет мемлекеттерден келген қонақтар ата-бабаларымыздың қиын тауқыметін көрсететін «Алаш арыстары», «Ашаршылық», «КарЛаг», «АЛЖИР», «Желтоқсан» атты бөлімдердің экскурсиясын ерекше таңданыспен тыңдауда. Нақтырақ айтар болсақ Бразилия, Испания, Украина, АҚШ, Оңтүстік Корея, Норвегия, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Франция, Индия, Словения, Нидерланды, Жапония, Польша, Канада, Австрия, Иордания, Германия, Англия, Туркия, ...
Толығырақ »БҰРЫНҒЫ БӨБЕКЖАЙЛАР ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ЕНЕДІ
Шымкент қаласында бүгінде 588 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның ішінде 517-і жекеменшік болса, 71-і мемлекеттік балабақшалар. Қала бойынша жаңадан ашылған мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар жаңа ғимараттарға орналасқан. Дегенмен, қаладағы ескі балабақшалар бұл күнде күрделі жөндеуді қажет етеді, Соның бірі құрылғанына 55 жыл болған №3 бөбекжай-бақшасы қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бөбекжай нысандарына арнайы барып, ғимарат құрылыстарын ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ҚОЙМА КЕШЕНІ САЛЫНУДА
Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма кешендері көбейеді. Бүгінде сауда-логистикалық орталығында «НМИ — ЮГ» көп функционалды қойма кешені салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге алаңда болып, құрылыс барысын тексерді. Жобаға сәйкес, ғимараттың аумағы 22 мың шаршы метрге жуықтайды. Тоңазытқыш камерасында тәулігіне 1455 тонна өнім сақтауға болады. Ал ұн өнімдерін сақтайтын орында 327 тонна тауар сақтауға мүмкіндік бар. Кешен іске қосылғанда 100 ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық кеңес отырысында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жан-жақты кешенді оңалту шаралары қажет екенін айтты. Сонымен бірге елімізде балалар скринингін жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары жанындағы әлеуметтік қызметтер жұмысын күшейтуге арнайы тапсырма берді. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Оңалту орталығы» коммунальдық қазыналық мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылдың сәуір айынан ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 160 НЫСАН САЛЫНАДЫ
Шымкентте биыл 160 нысан салу жоспарлануда. Құрылыс жобасына 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, мәдениет және 7 білім беру нысандары, 3 төтенше жағдай кешені, 4 спорт кешені, 2 саябақ енгізілді. Биыл жартыжылдықта 41,5 мың шаршы метр болатын 10 көпқабатты тұрғын үй, 3 білім, 2 спорт нысандарының құрылысы аяқталып, 70 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласында ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ДЕЙІН ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Шымкент қаласының жылу жүйелерін қысқы маусымға дайындау барысын пысықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтенов танысып шықты. Жалпы қала аумағында орналасқан жылу жүйесінде 17 сорғы станциясы және 23 қазандық бар. Бүгінде соның жетісі қысқы маусымға дайын. Қалған он сорғы станциясында дайындық жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қаладағы тозған жылу құбырларын жаңартуға да үлкен мән беріліп отыр Атап ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: БАСҚАРМА ТАРАПЫНАН 30-ДАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы құзыретіне «Құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет түрі жүктелген. Қаладағы құрылыстарды, ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қосымша жер учаскесін бөлу, қасбеттерді реконструкциялау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін негізге ала отырып жүргізіледі. Жауапты мекемеден мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті ...
Толығырақ »БАЛА САУЛЫҒЫНА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МЕКЕМЕ
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы – балаларға мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсететін заманауи көпсалалы аурухана. Онда қабылдау бөлімі, жарақат бекеті, хирургиялық және соматикалық бейіндер бойынша медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Жыл басынан бері мекемеде 33 154 науқас балаға медициналық көмек көрсетілген. 5392 науқас стационарлық ем қабылдап, сауығып шыққан. Жалпы ауруханада білікті дәрігерлер 1477 ота жасап, оның ішінде 426-ы жоспарлы түрде, 1051-і ...
Толығырақ »Шымкентте жылына 262 млн литр сусын шығаратын зауыт салынып жатыр
Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында бүгінде «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясының қолдауымен алкогольсіз, газдалған және газдалмаған ауыз су сусындарын шығаратын зауыт салынып жатыр, хабарлайды didarbek.kz. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Шымкент қаласына «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясы Қазақстан филиалының директоры Мұстафа Белтекин жұмыс сапарымен келіп, қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, зауыт құрылысының жобасын талқылаған болатын. Жүргізілген келіссөздерге сәйкес, биыл зауыттың іргетасы қаланып, қазір ...
Толығырақ »