Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 10)

ОҚО жаңалықтары

ТҮРКІСТАН: НАУҚАСТАР САНЫ 90 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН

Шардара аудандық орталық ауруханасында науқастарға арналған орталық бүгінде бос тұр. Яғни, ауыр індет пен пневмония дертіне шалдыққан науқастар емделіп шыққан. Орталықта инфекциялық 10, привозорлық 20 науқасқа арналған төсек-орын бар. Бүгінде науқастардың 90 пайызы емделіп шыққан. Денсаулық жағдайы тұрақталған соңғы 8 науқас терапия бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің қатаң бақылауымен емделуде. Барлық науқастарға тиісті ем шаралары қолданылып, үйге шыққан жандар да ақ халаттылардың назарынан ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БӘСЕҢДЕМЕУІН МІНДЕТТЕДІ

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы 11 нысанның құрылысы толық аяқталды. Жаңа нысандардың ауласы абаттандырылып, іші жиһазбен жабдықталуда. Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығы, Стадион жақында ел игілігіне беріледі. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмысшылардың сақтық шараларын сақтауы басты назарда екенін ескертті. Сондай-ақ, құрылыс барысының бәсеңдемеуін міндеттеді. Аймақ басшысы облыс орталығында салынып жатқан 5 мың орындық ірі мешіттің құрылысымен танысты. Мұнда екінші қабаттың ...

Толығырақ »

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асқалы отырған «Егістіктен сөреге дейін» жобасы арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыру шарттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгін Түркістанда Ауыл шаруашылығы басқармасы, «Түркістан» ӘКК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Оңтүстік» АИО өкілдерінің және облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен «Егістіктен сөреге дейін» пилоттық жобасын талқылауға арналғын кездесу өтті. Басқосуда қатысушылар жобаның негізгі мақсаты мен шарттарын кеңінен талқылады. Бағдарламаның басты ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 24 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды. Баспаналар жоспар бойынша жыл соңына дейін тапсырылады. Көппәтерлі тұрғын үйдің сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы сақтық шараларын күшейте отырып, жұмысты тоқтатпауды тапсырды. Аймақ басшысы бұдан соң құрлысы қызу жүріп жатқан 7000 адамға лайықталған алып стадионда болды. Облысымызда футбол бәсекелері, ірі спорттық ...

Толығырақ »

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАЙ, 14 АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН

Түркістан облысында жазғы мезгілдегі өзекті мәселенің бірі су айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның басты себебі — судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. 2020 жылдың басынан 14 адамның қаза болу оқиғасы тіркелді, олардың 9-ы кәмелет жасқа толмаған балалар. 2019 жылдың есептік кезеңінде 27 адам, олардың ішінде 18 бала болған. Демек, өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз. Бұл туралы Өңірлік ...

Толығырақ »

6500 ТОННА ҚАРБЫЗДЫ ЭКСПОРТТАП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысы Шардара ауданының диқандары 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді. Өнім Қазақстан аумағына және ТМД елдеріне жөнелтілген. Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 80-95 теңге аралығында сатып алуда. Айта кетерлігі, биыл ауданда 10710 га жерге бақша өнімдерін егу жоспарланған. Қазіргі таңда 7380 гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Егістік алқаптарына минералды тыңайтқыштар тасымалданып жатыр. ...

Толығырақ »

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЯНДАЛДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Қала әкімі Рашид Аюпов «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру жұмыстары мен рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылымның жүргізілуі барысын баяндады. Рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Шаһар басшысының мәлімдеуінше, «Әзірет сұлтан» қорық мұражайында да су және кәріз жүйесі толық аяқталған. Су бұрқақтың бетон ...

Толығырақ »

АСТЫҚҚА ОРАҚ ТҮСТІ

Қазақстанда алғашқы бидай өнімі қоймаға жинала бастады. Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ошақты» өндірістік кооперативі биылғы жылы 150 гектарға бидай өнімін егіп, маусымның ортасында астық оруды бастап кетті. Өндірілген өнімді Бірлік ауылындағы қоймаға жайғастыруда. «Ошақты» өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Құрамында егін шаруашылығынан басқа мал бордақылау пункттері бар ірі кәсіпорында жергілікті 90-ға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Көктемде жауын-шашын көп болмағанына ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында «WorldSkills TURKESTAN – 2020» облыстық чемпионаты басталды. Жұмысшы мамандығының беделін және кәсіптік білім сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 319 студент 46 мамандық бойынша  бақ сынайды. Аталған байқаудың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов  қатысушыларға сәттілік тіледі. «Былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2019» V республикалық чемпионаты өткен болатын.  Оған облыстан 33 студент қатысты. Оның ...

Толығырақ »

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалған. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталды. Тексеру барысында науқастардан коронавирус инфекциясына теріс нәтиже шығып жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді. Оның айтуынша, ауруханаға түскен азаматтардан ...

Толығырақ »

ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА!

Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмау белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалады. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталуда. Ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынады. Талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдауда. Теріс нәтижесі шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда. Науқастар негізінен пневмонияға шалдыққан. ...

Толығырақ »

ТУРИСТІК БАҒЫТТАРДЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Түркістан облысында туризм саласын дамыту үшін туристік нысандарға баратын жолдардың жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Айта кетерлігі, Төлеби ауданы туристер көп жиналатын демалыс орындары мол аудан. 2019-2020 жылдары Төлеби ауданындағы Бірінші Мамыр-Жаңажол елді мекендері арқылы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіне баратын облыстық маңызы бар КХ-112 автомобиль жолының 11 шақырымы орташа жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.  Аталған жол соңғы 15 жылда ешқандай жөндеуден ...

Толығырақ »

НӘРЕСТЕНІҢ ЖҮРЕГІНЕ ОТА ЖАСАЛДЫ

Туғанына небәрі 11 күн болған сәби Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам ауданынан ауыр халде жеткізілген. Медициналық жедел-жәрдем қызметімен жеткен шақалақтың дене қызуы көтеріліп, ентігу белгілері болған. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылады. Жүргізілген диагностикалық зерттеулердің нәтижелері нәрестеден туа біткен жүрек ақауы белгілері анықталған. Жүрек қалқасының тарылуынан бала өміріне қауіп болды, дейді дәрігерлер. Оған қоса жаңа туған сәбидің пневмония мен коронавирус инфекциясына ...

Толығырақ »

ҚЫЗАНАҚТЫҢ 40 ТҮРЛІ СОРТЫН ӨСІРУДЕ

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде «Нұржан» шаруа қожалығы 2011 жылдан бері жылыжай кешенімен айналысып келеді. Онда қызанақтың 40 түрлі сорты егіледі. Атап айтқанда, қызанақтың черри сортынан 10 түрі, үлкен қызыл қызанақтың 23 түрі, қызғылт сортынан 12 түрі бар. Қазіргі таңда шаруа қожалықтың іс басқарушысы Нұржан Омаров 4,5 гектар аумаққа қызанақ еккен. Одан күнделікті 15 тоннаға жуық өнім алуда. ...

Толығырақ »

ҚАРБЫЗДАР ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛУДА

Мақтаарал ауданы – еліміздің ең күнгей аймағында орналасқан диқаншылыққа өте қолайлы аймақ. Ерте көктемнен егістікке кірісетін шаруалар бақша дақылынан алғашқы өнімін экспортқа шығарып үлгерді.  Атап айтқанда, бүгінге дейін өңірде қарбыздан 1000 тонна және қауының  20 тонна өнімі ТМД елдеріне тасымалданған. Бұл туралы Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлім етті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, 1 алқаптан ...

Толығырақ »

АЛҒАШҚЫ ЕКІ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУДА

Мақтаарал ауданындағы жаңа мөлтек ауданда алғашқы екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір екі баспананың есік-терезелері орнатылып,  ішкі әрлеу жұмыстары алдағы бір-екі күнде толығымен аяқталмақ. Бұдан бөлек, 5 үйдің шатыры жабылып, қалған 13 үйдің қабырғалары өрілуде. Құрылыс жұмыстары бітуге таяп қалған қос үй «Нүрі-Л-Жетісай» компаниясына тиесілі.  Бүгінде аталған компанияда 130 құрылысшы мен 20 -дан астам техника тынбай жұмыс істеуде.  «Қазір құрылыс ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫ ШЕБЕРЛІККЕ ҮЙРЕТУДЕ

Түркістан облысы әкімдігінің  бастамасымен «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы Фирдауси елдімекенінде құрылыс мамандарын шақыртып, мастер-класс ұйымдастырды. Ондағы мақсат – тұрғындарға құрылыс талаптарын үйретіп, баспаналардың  сапалы әрі талапқа сай бой көтеруіне ықпал ету. Мастер-класс қатысушылармен тікелей өзара әрекет түрінде өтті.  Шара барысында тұрғындарға үйдің іргетасын құю кезінде қанша цемент қосу керектігі, кірпіш қалауда қандай талаптарды сақтау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді. Тіпті ...

Толығырақ »

НӘРЕСТЕ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

10 айлық нәресте Жетісай ауданынан «Облыстық фтизиопульмонология орталығына» туберкулез ауруынан емделуге жатқызылған. Тексеру барысында баладан COVID-19 инфекциясы анықталған. Сәби бірден Леңгір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, екі апта бойы ем қабылдайды. Білікті дәрігерлердің коронавирус індетін шұғыл түрде анықтап, дер кезінде емдік шара көрсетуінің арқасында науқас сәбидің өміріне еш қауіп жоқ, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өйткені ...

Толығырақ »

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Құрылысшылармен кездесіп, карантин кезінде санитарлық талаптардың сақталуын мықтап тапсырды. «Коронавирус инфекциясына қатысты өңірдегі көрсеткіштер қуантарлық емес. Облыс аумағында карантин және шектеу іс-шаралары коронавирус індеті эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін сақталатын болады. Осыған орай, барлық аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларына сәйкес жұмыс атқарулары қажет. ...

Толығырақ »

ҮШ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ЖОЛАУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ АЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында салынып жатқан халықаралық әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысын тексерді. Қаладан 16 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен бой көтеруде. «YDA Group» түрік компаниясы салып жатқан Түркістан халықаралық әуежай жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда құрылыс алаңында инвестордың 102 арнайы техникасы мен 300-ден аса құрылысшысы тынымсыз ...

Толығырақ »

БИЫЛ 70 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Отандық және шетелдік белді құрылыс компаниялары Түркістан қаласында тұрғындардың таңдауына сай, сан түрлі үлгідегі баспаналар тұрғызып жатыр. Жыл соңына дейін Түркістанда 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады. Қаланың сәулеттік келбетіне баса мән беретін өңір басшысы мердігерлермен кездесіп, көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеуді жүктеді. Қолға алған жұмысты жауапкершілікпен ...

Толығырақ »

ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдында есеп берді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Онда ішкі істер саласында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты сараланып, жоспарлар кең көлемде таныстырылды. Жиында Ерлан Тұрғымбаев жұмыстың сервистік моделіне көшкені туралы хабарлады. Халыққа консультациялық көмек көрсету үшін қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтар үшін 251 қабылдау бөлмесі құрылып, «Жолдағы қабылдау» ...

Толығырақ »

ЕГІСТІК ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында судан зақымданған егістіктің 50 пайыздан астамы қалпына келтірілді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданы аумағында жалпы 994 агроқұрылымға тиесілі 5695 гектар егістік жер тасқын судан зақымданған болатын. Оның ішінде мақта — 3939,4 га, қауын-қарбыз — 801,2 га, жүгері — 74,75 га, жоңышқа 22,75 га, жеміс ағашы (шабдалы) — 4 га, қырыққабат ...

Толығырақ »

ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС

  Биыл Шымкентте үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 1 810 гектарға жүргізіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық. Атап айтқанда, Абай ауданы — 680 га, Әл-Фараби ауданы -100 га, Еңбекші ауданы — 400 га, Қаратау ауданы-630 га құрап отыр. Зиянкестермен күреске 5,5 миллион теңгеге жуық қаржы қаралды. Тиісті өңдеу жұмыстарын мердігер «Аккозов Б.Ж.» ЖК жүргізіп жатыр. ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫННАН ШОЛАҚ МЫЛТЫҚ ТӘРКІЛЕДІ

Түркістан облысында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғыннан оқтарымен шолақ мылтық тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне ауылдардың бірінде көше бойында белгісіз ер адам шолақ мылтық асынып жүргендігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл Бәйдібек АПБ тергеу-жедел тобының қызметкерлері шықты. Тәртіп сақшылары күдікті, Созақ ауданының тұрғынын құрықтады. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері ер ...

Толығырақ »