Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЯНДАЛДЫ

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЯНДАЛДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Қала әкімі Рашид Аюпов «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру жұмыстары мен рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылымның жүргізілуі барысын баяндады. Рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Шаһар басшысының мәлімдеуінше, «Әзірет сұлтан» қорық мұражайында да су және кәріз жүйесі толық аяқталған. Су бұрқақтың бетон құю жұмыстары 85%-ға орындалған. Құрылыс алаңында 140 жұмысшы және 13 техника жұмылдырылған.

Аймақ басшысына сондай-ақ, Түркістан қаласындағы Тұңғыш Президент саябағының құрылыс барысы таныстырылды. Саябақ аумағында қазір 1 867 түп ағаш отырғызылған. Аппарат мәжілісінде орташа жол жөндеу жұмыстары және аялдамалар бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды. Өмірзақ Естайұлы қала әкіміне шаһарды таңертең және кешке екі рет аралап,құрылыс және абаттандыру жұмыстарын бақылауда ұстауын тапсырды. 32 сектордың жұмысын да тексеріп отыру қажет, деді аймақ басшысы.
Жиында, сонымен қатар Мақтаарал мен Төлеби аудандарындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары талқыланды. Өмірзақ Естайұлы құзырлы басқарма басшыларына халыққа берілетін көмек пен тұрғын үй құрылысының сапасын қадағалауды тапсырды.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу