Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АСТЫҚҚА ОРАҚ ТҮСТІ

АСТЫҚҚА ОРАҚ ТҮСТІ

Қазақстанда алғашқы бидай өнімі қоймаға жинала бастады. Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ошақты» өндірістік кооперативі биылғы жылы 150 гектарға бидай өнімін егіп, маусымның ортасында астық оруды бастап кетті. Өндірілген өнімді Бірлік ауылындағы қоймаға жайғастыруда.

«Ошақты» өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Құрамында егін шаруашылығынан басқа мал бордақылау пункттері бар ірі кәсіпорында жергілікті 90-ға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Көктемде жауын-шашын көп болмағанына қарамастан шаруаның өнімі бітік шыққан. Мұны кооператив иесі Маханбет Қожағұлов жердің құнарлығына балап отыр. Сондай-ақ, шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар уақытында қолға алынған. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтар қазір егістіктің әр гектарынан 30-35 центнерге дейін өнім жинауда.


© Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

Пікір жазу